Астана қаласының мәслихат хатшысы Ж.Ғ.Нүрпейсов Орталық клиникалық госпиталь ардагерлерімен кездесті
23.10.2019
Қарттар күнін тойлау қарсаңында Астана қаласының соғыс ардагерлеріне арналған Орталық клиникалық госпитальде мәслихат хатшысы Жанат Ғазизұлы Нүрпейсовтың клиникалық госпиталь ардагерлерімен, лайықты демалысқа кеткен және бар өмірін адамдарды құтқаруға арнаған дәрігерлермен, мейірбикелермен кездесу өтті.
Астанада денсаулық сақтау саласында тамаша медициналық орталықтар мен клиникалар ашу үшін барлық жағдай жасалады, соның растауы Астана қаласының Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь болып табылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі Әділхан Амербекұлы Абдулин басқаратын осы мекеменің жетістігі мен гүлденуінің басты кепілі өз ісіне берілген, талантты және білімді мамандар болып табылады, - деп атап өтті Жанат Ғазизұлы.
Астана мәслихаттың хатшысы клиника ардагерлеріне ризашылыө сөзін білдіріп, госпитальдың барлық медициналық қызметкерлерін өз пациенттерінің өмірі мен денсаулығы үшін жоғары кәсібилігі мен риясыз еңбегі үшіе алғысын білдірді. Ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, балалары мен немерелерінің ісі үшін мақтаныш тұтуды тіледі.
Салтанатты іс-шараға Орталық ардагерлер кеңесінің, Ауғанстандағы Соғыс ардагерлері кеңесінің өкілдері қатысты.
Орталық клиникалық госпиталь ұжымының ақ халатты адамдарына құрмет белгісі ретінде естелік сыйлықтар тартылды.
Клиника ардагерлеріне госпиталь қызметкерлерінің күшімен мерекелік концерт берілді.