Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Разбекова Ляззат Муратқызы

1974 жылы 30 маусымда Абай облысында дүниеге келген.

Білімі:

  • 1996 жылы Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Семей» мемлекеттік университетін «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметі:

  • Еңбек жолын 1997 жылы Талдықорған қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
  • 2002-2005 жылдары Алматы облысының ішкі саясат департаментінде бас маман лауазымында жұмыс істеді.
  • 2005-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша жүйесінде әртүрлі басшылық позицияларда жұмыс істеді.
  • 2016 жылдан 2017 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы.
  • 2017-2020 жылдары – Астана қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы.
  • 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің технологиялық колледжінің директоры.

Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 10 жылдығына арналған «Үздік мемлекеттік қызметші» медалі;
  • мерейтойлық грамоталар «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» (2011);
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015).

Қосымша ақпарат:

  • Елордалық мәслихаты VII шақырылымының депутаты болды.

Отбасылық жағдайы:

  • Екі бала.

Партия қатарында болушылық:

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2024 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласы мәслихаты VIII шақырырлымының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Телефон: +7 775 458 1225

E-mail: l.razbekova@maslihat01.kz

Депутатқа сұрақ қою
Ваш вопрос не отправлен.
Спасибо за ваш вопрос!
Тегі, аты, әкесінің аты жолы толтырылмаған.
Email жолы қате толтырылған.
Сұрақ жолы толтырылмаған.