Серік Тұяқұлы Түсіпов
1960 жылы 8 желтоқсанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1979 жылы Кеңес Әскері қатарына Забайкалье әскери округіне шақырылды.
Білімі:
- 1981 жылы Петропавл индустриалды-педагогикалық техникумына «Техник-механик» мамандығына оқуға түсті.
- Горький автомобиль зауытының құрастыру цехындағы еңбек тәжірибесі кезінде автомобиль бөлшектерін құрастыруда үздік деп танылды. Оқуды аяқтағаннан кейін 1984 жылы Павлодар облысына өндірістік оқыту шебері және ПТУ-27 оқытушысы болып жіберілді. 1986 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына «Инженер – оқытушы» мамандығына оқуға түсті.
1991 жылдан бастап жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Целиноград ауыл шаруашылығы институтының педагогика кафедрасында жұмыс істеді. 1991 жылы «Құдырет» шағын мемлекеттік кәсіпорнын ашуға бастамашы болды, онда негізгі бағыт ауыл шаруашылығы қызметі болды.
1990-шы жылдары жиһаз шығаратын шағын цех ашты, түрлі мәдени іс-шаралардың, атап айтқанда зейнеткерлерге арналған «Играй гармонь», балалар спорт үйірмелерінің, 18 жыл бойы «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамының» демеушісі болды, балалардың алдын алу мен емдеуге және оларды жайластыруға, сондай-ақ жетімдерді қолдау бойынша Қазақстанның балалар қорына қаражат бөлді.
Қазіргі уақытта «SANUTO» ЖШС директоры болып табылады.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
- Қазақстан тарихшылары қауымдастығының Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге арналған медалі,
- Ақ Жол "ҚДП ҚБ" Астанаға 20 жыл " медалі»
- "Алашқа 100 жыл" медалі Астана әкімдігінен.
Үйленген. 4 баласы бар.
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7-701-255-50-49
E-mail: sbk.s@mail.ru