Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және сегізінші сайланымының қалалық мәслихат депутаттарының назарына!

2026 жылғы 24 қыркүйек сағат 10:00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар шығарылады:

  1. Өткен жыл бойынша әлеуметтік-мәдени даму саласындағы мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды іске асыру және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы.

Баяндамашылар:
Талғат Абайұлы Рахманберді - Астана қаласы әкімінің орынбасары;
Ерік Серікұлы Мейрхан - Астана қаласы әкімінің орынбасары.

  1. Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.

Баяндамашы: Асқар Сайлаубекұлы Смағұлов - тұрақты комиссияның төрағасы.

  1. «Астананың орманды саябақ аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын бекіту туралы».

Баяндамашы: Дәулет Боранбайұлы Досқұлов - «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы.

  1. «Астана қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары туралы.

Баяндамашы: Абдрахман Мирас Зікірияұлы - «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы.

  1. Астана қаласында мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық көрсетілімдер бойынша есту аппараттарымен қамтамасыз ету туралы.

Баяндамашы: Тулеуова Айнұр Сәкенқызы - «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы.

  1. Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 265/34 -VIII «Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқаруға арналған шешімі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Ахметов Берік Айтпайұлы - «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ басшысы.

  1. Қала мәслихатының сессияларында айтылған сын-ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  2. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

Баяндамашы: Зейнұлқабден Табиғат - Астана қаласы мәслихатының төрағасы. 

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
 

Анықтама үшін телефон нөмірі:  55-66-37.