Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
2026 жылы 26 маусым сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезекті сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
- Астана қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын пайдаланудың стратегиялық жоспарлануы мен тиімділігі туралы жергілікті атқарушы органның есебі.
- Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
- «Астана қаласының аумағында жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 395/52-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 395/52-VI «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 44/5-VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- «Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін, оның ішінде тегін дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 373/48-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 128/16-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Астана қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 129/16-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Астана қаласының учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 130/16-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
- «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Астана қаласында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның кұрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 285/35-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Астана қаласы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның құрамы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 285/35-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қалалық мәслихат сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
- Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Астана қаласы
мәслихаты төрағасының м.а.
А. Смағұлов
Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.