Астана қаласы тұрғындарының назарына!
2026 жылдың 20 мамырында сағат 15.00-де қалалық әкімдіктің мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 221 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- Астана қаласының дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларын бекіту туралы.
- «Мемориалдық тақталарды орнату туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 105-7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
- «Астананың санитарлық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 348/46-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Астана қаласының қоршаған ортасын қорғау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
- «Астана қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 158-5066 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
- «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79.
Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов