Астана қаласы тұрғындарының назарына!
2026 жылдың 29 сәуірде сағат 15.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026–2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы.
- «Астана қаласының аумағында жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Астана қаласындағы спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 112-9 қаулысының күші жойылды деп тану туралы.
- Астана қаласында қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы.
- Астана қаласында жолаушылар мен багажды жеңіл рельсті көлікпен тасымалдауға арналған тарифтердің кейбір мәселелері туралы.
- «Астана қаласының авариялық үйлерін жаңарту және тұрғын үйлерін жаңғырту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1225 қаулысының күші жойылды деп тану туралы.
- «Астана қаласында 2030 жылға дейін тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 356/47-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Ұйымдастыру мәселелері.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79
Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов