2026 жылғы 11 ақпанда сағат 15:00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
Елорда тұрғындарының назарына!
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
Күн тәртібі:
Орындармен қамтамасыз етілуін, білім беру ортасының қолжетімділігі мен қауіпсіздігін ескере отырып, Астана қаласының білім беру инфрақұрылымын дамыту туралы
Баяндамашы:
Қасымхан Сенғазыұлы Сенғазыев – «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ басшысы
Бірлесе баяндамашылар:
- Шағалтаева Айгүл Қошмұхамбетқызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
- Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков – Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Отырыс 2026 жылғы 11 ақпанда сағат 15.00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).
Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz.