2026 жылғы 4 ақпанда сағат 15:00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
Елорда тұрғындарының назарына!
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
Күн тәртібі:
«Қоғамдық кеңістіктерді (скверлер, саябақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары) салу, жөндеу және қайта құрылымдау, аулаішілік аумақтарды абаттандыру және сыртқы жарықтандыру жөніндегі жоспарлар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы»
Баяндамашылар:
- Дәулет Боранбайұлы Досқұлов – «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы
- Елнар Болатұлы Базыкен – «Астана қаласының урбанистика орталығы» ЖШС директоры
- Рүстем Серікұлы Тауекелов – Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі
- Талғат Абайұлы Рахманберді – Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі
- Дәрменияр Алғатбекұлы Қыдырбек-ұлы – Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі
- Ришат Уалиханұлы Турдыбеков– Астана қаласы «Нұра» ауданының әкімі
- Мақсат Саматұлы – Астана қаласы «Сарайшық» ауданының әкімі
- Жанасыл Камалиұлы Шаукентаев – Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі
Отырыс 2026 жылғы 4 ақпанда сағат 15:00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).
Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz.