Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланым депутаттарының назарына!  

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2026 жылғы 8 сәуірде сағат 16:00-де коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдаулар өткізеді.

«Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығына сәйкес, БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін astana@maslihat01.kz электрондық поштасына 2026 жылғы 07 сәуір сағат 18:00-ге дейін ресми сұраныс жіберу қажет.

Анықтама телефондары: 55-66-37, 55-66-31.

Астана қаласы

мәслихатының төрағасы 

Т. Зейнұлқабден