Астана қаласы мәслихатының жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру және шығып қалғандардың орнына аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін олардың өкілеттік мерзімінің қалған кезеңіне сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты (бұдан әрі – Мәслихат) жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру, сондай-ақ шығып қалғандардың орнына Астана қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін олардың өкілеттік мерзімінің қалған кезеңіне сайлау туралы хабарлайды.
Мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамдарына өзгерістер енгізуге құқылы.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатураны ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға да құқылы.
Егер мәслихат белгілеген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар түспесе, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылып жатқан сайлау комиссияларына қарағанда жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі кезеңде мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы.
Сайлау комиссияларына кандидаттарға арналған ақпараттық нысандар және сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштер Мәслихаттың maslihat01.kz веб-сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының мүшесі болуға ұсынылған адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға білім деңгейіне, еңбек өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссиялары мүшелерін қашықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білу бойынша тестілеуден өткенін растайтын сертификаты болуы қажет.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-анасы, балалары, асырап алушылар (асырап алғандар), асырап алынғандар, туыс және бөлек туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындалған күні, орындаушы туралы белгі, оның тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап 16 ақпанды қоса алғанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жүзеге асырылады.
Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік кө/сі, 11, 219 кабинет, тел.: +7 (7172) 55-66-36.
Мәслихаттың орналасқан жері: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11. +7 (7172) 55-66-36, maslihat01.kz.
Астана қаласының мәслихаты аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлайды:
|
№ р/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері (сайлау комиссиясы орналасқан мекенжайы, ғимараты) |
Сайлау комиссияларының мүшелерінің саны |
|
1 |
«Нұра» ауданының аумақтық сайлау комиссиясы |
Сығанақ көшесі,18, НП 33 |
2 |
|
2 |
«Сарайшық» ауданының аумақтық сайлау комиссиясы |
Ж. Нажимеденова көшесі, 27 |
2 |
|
«Алматы» ауданы |
|||
|
1. |
№ 482 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 114 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, |
9 |
|
2. |
№ 483 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Б. Момышұлы даңғылы, № 5 |
9 |
|
3. |
№ 484 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 116 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, М. Төлебаев көшесі, № 3 |
9 |
|
«Есіл» ауданы |
|||
|
4. |
№ 485 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы |
9 |
|
5. |
№ 486 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 104 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Заречное» тұрғын алабы, Жошы хан көшесі, № 16 |
9 |
|
6. |
№ 487 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 107 жалпы орта білім беретін мектеп» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Қ. Қайсенов көшесі, № 4/1 |
9 |
|
7. |
№ 488 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 109 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Е 669 көше, № 6 |
9 |
|
8. |
№ 489 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 108 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Е 117 көше, 40а |
9 |
|
9. |
№ 490 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «Қадыр Мырза Әлі атындағы № 88 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Е 321 көше, № 18 |
9 |
|
10. |
№ 491 |
Орталығы – «BINOM EDUCATION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Әбіш Кекілбаев» атындағы «Binom school» мектеп-лицейі, Т. Рысқұлов көшесі, № 20 |
9 |
|
11. |
№ 492 |
Орталығы – «BINOM EDUCATION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Әбіш Кекілбаев» атындағы «Binom school» мектеп-лицейі, Т. Рысқұлов көшесі, № 20 |
9 |
|
«Нұра» ауданы |
|||
|
12. |
№ 493 |
Орталығы – «Барыс» мұз аренасы,Тұран даңғылы, № 57 |
9 |
|
13. |
№ 494 |
Орталығы – «Барыс» мұз аренасы, Тұран даңғылы, № 57 |
9 |
|
14. |
№ 495 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 45 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Төле би көшесі, № 25/2 |
9 |
|
15. |
№ 496 |
Орталығы – BINOM EDUCATION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ә. Бөкейхан атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейі, Ш. Шөкин көшесі, № 5 |
9 |
|
16. |
№ 497 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 110 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ш. Айтматов көшесі, № 4 |
9 |
|
17. |
№ 498 |
Орталығы – «Qazswimacademy» спорт орталығы, Сығанақ көшесі, № 34 |
9 |
|
18. |
№ 499 |
Орталығы – «Алау» мұзайдыны, Қабанбай батыр даңғылы, № 47 |
9 |
|
19. |
№ 500 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 45 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Е-899 көшесі, № 8 |
9 |
|
20. |
№ 501 |
Орталығы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің |
5 |
|
«Сарайшық» ауданы |
|||
|
21. |
№ 502 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№112 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, А102 көше, № 39 |
9 |
|
22. |
№ 503 |
Орталығы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттікакадемиялық қазақ музыкалық-драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қ. Қуанышбаев көшесі, № 8/1 |
9 |
|
23. |
№ 504 |
Орталығы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы, М. Тынышбайұлы көшесі, № 8 |
9 |
|
24. |
№ 505 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№113 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ш. Қалдаяқов көшесі, 38 |
9 |
|
25. |
№ 506 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№113 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ш. Қалдаяқов көшесі, 38 |
9 |
|
«Сарыарқа» ауданы |
|||
|
26. |
№ 507 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 106 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бейбарыс Сұлтан көшесі, № 15 |
9 |
|
27. |
№ 508 |
Орталығы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 105 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ұлытау көшесі, № 48 |
9 |
|
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттер өкілдіктеріндегі сайлау учаскелері |
|||
|
28. |
№ 509 |
Гамбург қаласы, Қазақстан Республикасының Гамбург қаласындағы Бас консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы) |
5 |
|
29. |
№ 510 |
Сиань қаласы, Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы) |
5 |
|
30. |
№ 511 |
Никосия қаласы, Кипр Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі |
5 |
|
31. |
№ 512 |
Измир қаласы, Қазақстан Республикасының Измир қаласындағы Бас консулдығы (Түркия Республикасы) |
5 |