Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2025 жылы 26 желтоқсанда сағат 11:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады. 

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі: 

  1. Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы.
  2. Астана қаласының  аумағында тұрақты және уақытша тұру (болу) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы.
  3. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару  шарттарының жобаларын келісу туралы.
  4. «Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 185/23-VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  5. Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы.
  6. Астана қаласында жол жүрісі қағидаларымен реттелмеген бөлігінде жол жүрісін  ұйымдастыру қағидаларын  бекіту туралы.
  7. Көлік құралдарын  Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнайы  алаңдарға, тұрақтарға  жеткізгені (эвакуациялағаны) және оларды уақытша  сақтағаны үшін  төлемақы мөлшерін айқындау туралы.
  8. «Астана қаласының көлік жүйесін дамытудың 2025-2035 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы  №255/32-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. 9.Елорда аумағының қала құрылысын игерудегі кейбір схемаларды бекіту туралы.
  10. «Астана қаласында студенттік жатақханалар салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі  223/27-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  11. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы. 

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.