Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
08.11.2025
2025 жылы 12 қарашада сағат 11:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
- Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы.
- «Астана қаласында № 2 индустриалды парк салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.
- Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Астана қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы.
- Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы.
- Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
- «Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №248/32-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының тұрақты комиссияларының құрамдары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4/1-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.