Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

К сведению населения города Астаны и депутатов городского маслихата восьмого созыва!

2025 жылы 25 қырқүйек сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезекті сессиясы шақырылады. 

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. Елорданың кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту: кадрларды нысаналы даярлау, колледждерде білім беру сапасын арттыру үшін KPI енгізу.
  2. Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
  3. Астана қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
  4. Астана қаласының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.
  5. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  6. «Астана қаласы әкімдігінің жанынан тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру жөніндегі комиссияны құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 13 қарашадағы № 234/29-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Қалалық мәслихат сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
  8. Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.