Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
08.05.2025
2025 жылы 13 мамырда сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
- «Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №279/36-VII бірлескен шешіміне және Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №1-3728 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
- Астана қаласының аумағында Құрылыс қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы.
- «Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №221/27-VIII шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы.
- Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.