Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2025 жылы 14 ақпанда сағат 10:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші  сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. «Астана қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 316/39-VII шешіміне толықтыру енгізу туралы.
  2. «Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқару шешімі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы».
  3. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
  4. «Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  5. «Астана кәсіпкерлігі» кәсіпкерлікті дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 131/16-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  6. «Астаны қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 90/11-V Астана қаласы мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  7. «Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 476/60-VI Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  8. «Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Астана  қаласы    мәслихатының  2022  жылғы 30 қыркүйектегі № 237/32-VII шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  9. Астана қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы.
  10. Астана қаласында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы.
  11. Астана қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары туралы.
  12. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4/1-VIII «Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының тұрақты комиссияларының құрамдары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден

Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.