Астана қаласы тұрғындарының назарына!
19.12.2024
2024 жылдың 20 желтоқсанда сағат 15.00-де қалалық әкімдігің мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 221 кабинет) Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына келесі мәселелер және нормативтік құқықтық акт жобалары енгізіледі:
- Астана қаласы полиция департаментінің Жастар ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы есебі.
- «Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 76/9- VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына толықтыру енгізу туралы.
- «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 506-209 қаулысының күші жойылды деп тану туралы.
- Астана қаласы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы.
- Астана қаласының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру бойынша ақпарат.
- «Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №249/36-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 212/26-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Анықтама мына телефон бойынша: 55-72-79.
Астаны қаласы Қоғамдық
кеңесінің төрағасы
З. Ғайыпов