2023 жылғы 10 тамызда сағат 16:00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді
03.08.2023
Елорда тұрғындарының назарына!
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
Күн тәртібі:
«Жол кептелісі (автомобиль кептелісі) мәселесін шешу туралы. Астана LRT жобасын іске асыру перспективасы».
Баяндаушылар:
Жансұлтан Бердібекұлы Сапарбаев – «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысы;
Серік Мұхтарұлы Айтымбетов – «LRT құрылыс дирекциясы» ЖШС директоры.
Қосымша баяндаушы:
Елжан Қалиұлы Чупеков – Астана қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы.
Отырыс 2023 жылғы 10 тамызда сағат 16.00-де мәслихаттың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).
Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz.