2022 жылғы 14 сәуірде сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді
11.04.2022
Елорда тұрғындарының назарына!
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді
Күн тәртібі:
Астананың 2022 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері енгізген бюджеттік өтінімдерді қарау.
Баяндамашылар:
Төлеген Базарбайұлы Құлұшев – «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы;
Нұрлан Телманұлы Ұранхаев – «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы;
Әлия Төлеутайқызы Қожабаева – «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы.
Отырыс 2022 жылғы 14 сәуірде сағат 10.00-де мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді (www.facebook.com/maslihat.astana.kz).
Байланыс деректері: 55-66-35, maslihat_org@mail.ru.