Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
22.02.2022
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 17 ақпандағы №16-ө өкімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының 2022 жылғы 21 ақпандағы хаттамалық шешімі негізінде Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 31 адамды құрайтын болады. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынады. Қоғамдық кеңес өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, Нұр-Сұлтан қаласының шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидаттың:
- заңнамада белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1-қосымша );
2) кандидаттың өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау үшін жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар қатарынан Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 9 наурызға дейін жүргізіледі.
Құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 218 кабинет мекенжайы бойынша «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ ұсынылады немесе maslihat_org@mail.ru электрондық поштаға жіберіледі.
Анықтама үшін телефондар: 55-66-31, 55-66-37.