Депутат Зауре Гинаятовна Жусупова өзінің сайлау округінде бірқатар кездесулер өткізді
23.10.2019
Ел Конституциясына енгізілген түзетулерді талқылау бойынша сайлаушылармен болған алғашқы кездесу «Астана» телеарнасының мәжіліс залында өтті. Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізілуі мүмкін екендігін де болжайтын, Президент, Үкімет және Парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы ұсынысы болды.
Астаналық мәжіліс депутаты Зауре Гинаятовна Жусупова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстаннның Үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша «№84 мектеп-лицей» КММ және «Астана қаласының тұрғын үй басқармасы» ММ ұжымдарының алдында сөз сөйледі. Мемлекет басшысының Жолдауындағы басты орынды әлеуметтік саясат, халықтың әл-ауқатын арттыру, адам капиталының сапасын жақсарту алады. Бұл білім беру және денсаулық сақтау жүйесіндегі, әлеуметтік саладағы, тұрғын үй саласындағы өзгерістер. Үш тілді білім беруге кезеңдік өту, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім», мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, қарапайым халықтың әлеуметтік көңіл-күйі біздің басты мақсатқа қарай ілгері басуымыздың басты көрсеткіші болуы тиіс, - деп атап өтті өз сөзінде Зауре Жусупова.