Астана қаласы мәслихатының 2026 жылдың IV-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
Бекітемін
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден ____________
2026 жылдың «18» қыркүйек
Астана қаласы мәслихатының 2026 жылдың IV-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Мәселенің атауы |
Қарау мерзімдері |
|
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер |
||
|
1. |
- Астана қаласының 2027-2029 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы; - Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі; - Астана қаласы мәслихаты төрағасының 2026 жыл бойынша атқарылған жұмыс туралы есебі. |
11-14 желтоқсан |
|
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
|
Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
2. |
Астана қаласы Дін істері басқармасының конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі қызметі туралы. |
20 қазан |
|
Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
3. |
Жаңадан іске қосылатын спорт және білім беру объектілерін салу және жабдықтау сапасы туралы; тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, әлеуметтік объектілермен қамтамасыз етілуін талдау. |
22 қазан |
|
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
4. |
Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыруды қоса алғанда, Астана қаласының сауда-саттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы. |
29 қазан |
|
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
5. |
Спорттық нәтижелерді болжау, жаттығу процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру, халықтың іс-шараларға қатысуын талдау үшін Астана қаласының мәдениет және спорт саласында жасанды интеллект технологияларын енгізу туралы. |
4 қараша |
|
III. Депутат күні |
||
|
6. |
Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыру нәтижелері, оның тиімділігі, балалар мен жасөспірімдерді қамту туралы. |
6 қараша |
|
IV. Тақырып бойынша көпшіліктік тыңдаулар: |
||
|
7. |
Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерін дамыту және оларды «Электрондық үкімет» инфрақұрылымымен интеграциялау туралы.
|
17 қараша |
Астана қаласы мәслихаты
аппаратының басшысы
Б.Ахметжанова