Астана қаласы мәслихаты сегізінші сайланымының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары
Астана қаласы мәслихатының
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 364/47-VIII
шешімімен бекітілген
Астана қаласы мәслихаты сегізінші сайланымының 2026 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Сұрақтың атауы |
Қарау мерзімі |
|
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер: |
||
|
1. |
- Елорданың тұрғын алаптарын дамыту мәселелері мен келешегі туралы (сумен жабдықтау, кәріз, көлік инфрақұрылымы); - Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
I тоқсан |
|
2. |
- Астана қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын пайдаланудың стратегиялық жоспарлануы мен тиімділігі туралы жергілікті атқарушы органның есебі; - Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі; |
II тоқсан |
|
3. |
- Өткен жыл бойынша әлеуметтік-мәдени даму саласындағы мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды іске асыру және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы; - Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
III тоқсан |
|
4. |
- Астана қаласының 2027-2029 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы; - Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі; - Астана қаласы мәслихаты төрағасының 2026 жыл бойынша атқарылған жұмыс туралы есебі. |
IV тоқсан |
|
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
|
Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
5. |
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою практикасы және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету туралы (құнын қалыптастыру тәртібі, жерді алып қою жоспарының болуы және іске асырылуы, басымдылық критерийлері). |
I тоқсан |
|
6. |
Астана қаласында нашақорлықтың алдын алу, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін бағалау және ведомствоаралық өзара іс-әрекет жөніндегі шаралар туралы |
II тоқсан |
|
7. |
Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметі, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және ведомствоаралық өзара әрекет туралы. |
III тоқсан |
|
8. |
Астана қаласы Дін істері басқармасының конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі қызметі туралы. |
IV тоқсан |
|
Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
9. |
Қоғамдық кеңістіктерді (скверлер, саябақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары) салу, жөндеу және қайта құрылымдау, аулаішілік аумақтарды абаттандыру және сыртқы жарықтандыру жөніндегі жоспарлар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. |
I тоқсан |
|
10. |
Жасыл желектерді күтіп-ұстау сапасы, оларды есепке алу, өтемдік ағаш отырғызу және «Сәндік ағаш-бұта питомнигі» жобасын іске асыру туралы. |
II тоқсан |
|
11. |
Көлік ағындарын басқару мәселелері, құқық бұзушылықтарды тіркеу жүйесін ұйымдастыру, жол жамылғысын салу мен жөндеу сапасы, сондай-ақ автотұрақ орындарын ұйымдастыру туралы. |
III тоқсан |
|
12. |
Жаңадан іске қосылатын спорт және білім беру объектілерін салу және жабдықтау сапасы туралы; тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, әлеуметтік объектілермен қамтамасыз етілуін талдау. |
IV тоқсан |
|
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
13. |
Ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың (ММ, МКҚК, МКК, АҚ, ЖШС) қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және иесіз желілер мен объектілерді қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды қабылдау туралы. |
I тоқсан |
|
14. |
«Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқару үшін шешім» МЖӘ жобасын іске асыру туралы. |
II тоқсан |
|
15. |
Астана қаласы аудандары әкімдерінің жарықтандыруға және сәндік жарықтандыруға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы есебі. |
III тоқсан |
|
16. |
Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыруды қоса алғанда, Астана қаласының сауда-саттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы. |
IV тоқсан |
|
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
|
17. |
Орындармен қамтамасыз етілуін, білім беру ортасының қолжетімділігі мен қауіпсіздігін ескере отырып, Астана қаласының білім беру инфрақұрылымын дамыту туралы. |
I тоқсан |
|
18. |
Кедергісіз қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және инклюзивті орта құруға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы. |
II тоқсан |
|
19. |
Елорданың мәдени нысандарын туристік және қоғамдық орталықтар ретінде ілеспе инфрақұрылымды жақсарту әрі туристік тартымдылықты арттыру арқылы дамыту туралы. |
III тоқсан |
|
20. |
Спорттық нәтижелерді болжау, жаттығу процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру, халықтың іс-шараларға қатысуын талдау үшін Астана қаласының мәдениет және спорт саласында жасанды интеллект технологияларын енгізу туралы. |
IV тоқсан |
|
III. Келесі тақырыптар бойынша көпшілік тыңдаулар: |
||
|
21. |
Астана қаласының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметі және халықты қаланың мемлекеттік органдары мен қызметтерінің жұмысы туралы ақпараттандырудың тиімділігі туралы |
I тоқсан |
|
22. |
Нүктелік құрылыс мәселелері, Бас жоспар мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын сақтау туралы. |
II тоқсан |
|
23. |
Туристік саланың қызметін үйлестіру және келу туризмін дамыту туралы. |
III тоқсан |
|
24. |
Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыру нәтижелері, оның тиімділігі, балалар мен жасөспірімдерді қамту туралы. |
IV тоқсан |
|
IV. Депутат күні |
||
|
25. |
Астана қаласында балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінің жай-күйі мен тиімділігі туралы. |
I тоқсан |
|
26. |
Астана қаласы Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметі туралы. |
II тоқсан |
|
27. |
Құрылыс қалдықтарын кәдеге жаратуды бақылау және қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесін ұйымдастыру туралы. |
III тоқсан |
|
28. |
Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерін дамыту және оларды «Электрондық үкімет» инфрақұрылымымен интеграциялау туралы. |
IV тоқсан |