Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары
16.07.2019
Астана қаласы мәслихатының
2018 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 345/42-VI шешімімен
бекітілді
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 391/50-VI шешімімен
өзгерістер енгізілді
Алтыншы шақырылымның Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылға арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
р/с №№ |
Мәселе атауы |
Қарастыру мерзімдері |
I. Мәслихат сессиясының қарауына енгізілетін мәселелер |
||
1. |
- Астана қаласының аумағында мәдениет, дене тәрбиесін дамыту және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру туралы. - әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі. |
I тоқсан |
2. |
- Астана қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру және жұмысын үйлестіру барысы туралы. - Астана қаласы бюджетінің 2018 жылы орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы. - қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
II тоқсан |
3. |
- Астана қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы. -Астана қаласы әкімінің елорданы әлеуметтік – экономикалық дамыту туралы есебі. - қалалық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және көпшілікпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
III тоқсан |
4. |
-Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласындағы қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру және дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметі туралы. - Астана қаласының 2020-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы. - Астана қаласы мәслихаты хатшысының 2019 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі. - қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
IV тоқсан |
II.Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
Заңдылық, құқықтық тәртіп және көпшілікпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
5. |
«Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-де азаматтарды есепке алуды ұйымдастыру және тұрғын үйлерді бөлу тәртібі туралы. |
I тоқсан |
6. |
«Астана қаласының аумағында жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жағдайы туралы» заңдылық, құқықтық тәртіп және көпшілікпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2018 жылғы 5 қазандағы қаулысының орындалу барысы туралы. |
II тоқсан |
7. |
Астана қаласының Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналды полиция инспекторларының кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балаларды қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алу жөніндегі жұмыстары туралы. |
III тоқсан |
8. |
Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне жастарды шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы. |
IV тоқсан |
Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
9. |
«Елордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының қызмет тиімділігін белсендендіру және көтеру жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы» тұрақты комиссияның 2018 жылғы 3 тамыздағы қаулысының орындалу барысы туралы. |
I тоқсан |
10. |
«Тұрғын үй қорын басқару, тұрғын үй – коммуналдық саладағы ұсынылатын қызметтер сапасы мен халықтың құқығын қорғау саласындағы атқарушы органдардың қызметін жетілдіру туралы» мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарының 2018 жылғы 24 тамыздағы қаулысының орындлау барысы туралы. |
II тоқсан |
11. |
Әлеуметтік объектілерді, тұрғын үй объектілерін жобалау және салу сапасын қадағалау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметі және «Әлеуметтік объектілерді, тұрғын үй объектілерін жобалау және салу сапасын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы» тұрақты комиссия қаулысының орындалу барысы туралы. |
III тоқсан |
12. |
«Елордада көлік жүйесін жандандыру аясында халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі шешімінің орындалу барысы туралы. |
IV тоқсан |
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
13. |
«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ сенімді басқаруына берілген коммуналдық мүлікті пайдалану тиімділігі туралы. |
I тоқсан |
14. |
«Астана Innovation» АҚ-ның қала тіршілігінің барлық салаларында инновациялар мен технологияларды енгізу жөніндегі қызметі туралы. |
I тоқсан |
15. |
«Астана қаласының қалалық ортаны регенерациялау басқармасы» ММ бюджет шығыстары тиімділігін көтеру мақсатында жобаның өмірлік циклінің барлық кезеңдерін басқарудың заманауи әдістерін енгізу жөніндегі жұмысы туралы. |
II тоқсан |
16. |
«Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ Астана қаласында шағын және орта бизнес қызметіндегі әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлік секторын дамыту және қолдау туралы. |
III тоқсан |
17. |
«Елорда халқын жұмыспен қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды ұйымдастыру жағдайы мен шаралары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы шешімінің орындалу барысы туралы. |
IV тоқсан |
Әлеуметтік – мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
18. |
Астана қаласында туберкулезге қарсы өткізілетін іс-шаралар тиімділігі және туберкулезге қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы. |
I тоқсан |
19. |
Астана қаласында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жағдай және даму перспективалары туралы. |
II тоқсан |
20. |
Халықтың әлеуметті осал жігін (мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар, зейнеткерлер, жұмыссыздар, ауған соғысына қатысқандар, сотталғандар, полиатты көмек, инклюзия және т.б.) қолдау жөніндегі атқарушы органдардың атқаратын жұмысы туралы. |
III тоқсан |
21. |
Астана қаласының ТжМО ұйымдарын дамыту қорытындылары мен перспективалары. |
IV тоқсан |
III. Көпшілік тыңдаулар: |
||
22. |
Жол қозғаласы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы мен шаралары туралы. |
I тоқсан |
23. |
Астана қаласының шеткі аумақтарын дамыту жөніндегі жергілікі атқарушы органдар қабылдаған шаралар туралы. |
II тоқсан |
24. |
Қоршаған орта мен табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органның ведомстволық бағынысты ұйымдарыдың қызметін бақылау жөніндені жұмысы туралы. |
III тоқсан |
25. |
Астана қаласында фото-бейнетіркеу және бейнелік сараптау аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру, Астана қаласында бала бақшалар салу мен пайдалануға беру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаулары туралы. |
IV тоқсан |
IV. Депутат күні |
||
26. |
Астана қаласында «Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асырылу барысы туралы. |
Бірінші жартыжылдық |
27. |
«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы. |
Екінші жартыжылдық |