Астана қаласы мәслихатының 2024 жылдың II-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
03.04.2024
«Бекітемін»
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов ____________
2024 жылдың «15»наурыз
Астана қаласы мәслихатының 2024 жылдың II-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
№ |
Мәселенің атауы |
Қарау мерзімдері |
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер |
||
1. |
- Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі есебі; - Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі. |
26-27 маусым |
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
2. |
Діни ахуалдың жай-күйі және қалада жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани білім беру ұйымдарының, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған пансионаттардың қызметін талдау туралы. |
4 сәуір |
Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
3. |
Астана қаласында, оның ішінде тұрғын алаптарында жолдар салу және жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. |
10 сәуір |
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
4. |
«Астана» ӘКК» АҚ, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту қалалық орталығы» ЖШС инвестициялық жобаларын бағалау көрсеткіштері туралы. |
24 сәуір |
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
5. |
Мәдени кластерлер арқылы білім мен мәдени сауаттылықты дамыту. Мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу. Елорда брендбугін құру. |
30 сәуір |
III. Тақырып бойынша көпшіліктік тыңдаулар: |
||
6. |
Астана қаласында балалар лагерлері мен балалар демалысын дамыту. |
15 мамыр |
IV. Депутат күні |
||
7. |
Елорданы отын-энергетикалық қамтамасыз ету. |
23 мамыр |
Астана қаласы мәслихаты
аппаратының басшысы Б.Ахметжанова