Астана қаласы сегізінші сайланым мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары
03.04.2024
Астана қаласы мәслихатының
 2023 жылғы  14 желтоқсан
 № 124/15-VIII
шешімімен бекітілген 
Астана қаласы сегізінші сайланым мәслихатының
2024 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ 
| № | Мәселе атауы | Қарау мерзімі | 
 | 
| I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер | |||
| 1. | - Елордада мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыру барысы туралы; - Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. | I тоқсан | 
 | 
| 2. | - Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі есебі; - Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі. | II тоқсан | 
 | 
| 3. | - Астана қаласында саябақтар мен скверлерді кешенді көгалдандыру, абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы - Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. | III тоқсан | 
 | 
| 4. | - Жастар саясатын жетілдіру, жастарды түрлі орталықтардың, бірлестіктердің, қоғамдастықтар мен қорлардың қызметіне белсенді тарту арқылы іске асырылатын жастар бағдарламаларының тиімділігін арттыру туралы; - Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы; - Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі; - Астана қаласы мәслихаты төрағасының 2023 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі. | IV тоқсан | 
 | 
| II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: | |||
| Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия | |||
| 5. | Астана қаласындағы көші-қон процестерінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары. | I тоқсан | 
 | 
| 6. | Діни ахуалдың жай-күйі және қалада жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани білім беру ұйымдарының, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған пансионаттардың қызметін талдау туралы. | II тоқсан | 
 | 
| 7. | Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жүргізіліп жатқан шаралар туралы. | III тоқсан | 
 | 
| 8. | Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы. | IV тоқсан | 
 | 
| Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия | |||
| 9. | Астана қаласында қоғамдық көлік жұмысының сапасын арттыру туралы. | I тоқсан | 
 | 
| 10. | Астана қаласында, оның ішінде тұрғын алаптарында жолдар салу және жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. | II тоқсан | 
 | 
| 11. | Елорданың тұрғын үй қорын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен тетіктері туралы | III тоқсан | 
 | 
| 12. | Астана қаласының Бас жоспарын, Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын, Инфрақұрылымдық даму жоспарын іске асыру барысы, жер учаскелерін беру тетіктері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы. | IV тоқсан | 
 | 
| Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия | |||
| 13. | Коммуналдық мүліктің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру. | I тоқсан | 
 | 
| 14. | «Астана» ӘКК» АҚ, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту қалалық орталығы» ЖШС инвестициялық жобаларын бағалау көрсеткіштері туралы. | II тоқсан | 
 | 
| 15. | Елорданың №№1,2 Индустриялық парктерінің инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге бағытталған ақша қаражатының жұмсалуының тиімділігі. | III тоқсан | 
 | 
| 16. | Қаланы абаттандыруды дамыту саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы. | IV тоқсан | 
 | 
| Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия | |||
| 17. | Білім беру саласында сұранысқа ие кадрларды даярлау қажеттілігін зерделеу үшін еңбек нарығын талдау. Білім беру қызметтері нарығын дамыту перспективалары. | I тоқсан | 
 | 
| 18. | Мәдени кластерлер арқылы білім мен мәдени сауаттылықты дамыту. Мәдени туризм мен халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу. Елорда брендбугін құру. | II тоқсан | 
 | 
| 19. | «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-нің қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдануды дәріптеу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы. | III тоқсан | 
 | 
| 20. | Мәдениет және спорт салаларын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы. | IV тоқсан | 
 | 
| III. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыптары: | |||
| 21. | Астана қаласының тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары, iQala, iKOMEK109). | I тоқсан | 
 | 
| 22. | Астана қаласында балалар лагерлері мен балалар демалысын дамыту. | II тоқсан | 
 | 
| 23. | Астана қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы өзекті мәселелер, оларды шешудің ықтимал жолдары. | III тоқсан | 
 | 
| 24. | Астана қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету. | IV тоқсан | 
 | 
| IV. Депутат күні | |||
| 25. | Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы. | I тоқсан | 
 | 
| 26. | Елорданы отын-энергетикалық қамтамасыз ету. | II тоқсан | 
 | 
| 27. | Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бақылау іс-шаралары туралы. | III тоқсан | 
 | 
 
									 
				 
				