Астана қаласы мәслихатының 2024 жылдың I-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
09.01.2024
Бекітемін
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов ____________
2024 жылдың «3» қаңтар
Астана қаласы мәслихатының
2024 жылдың I-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
№ |
Мәселенің атауы |
Қарау мерзімдері |
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер |
||
1. |
Елордада мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыру барысы туралы
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі |
27-28 наурыз |
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
2. |
Астана қаласында қоғамдық көлік жұмысының сапасын арттыру туралы |
23 қаңтар |
Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
3. |
Астана қаласындағы көші-қон процестерінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары |
24 қаңтар |
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
4. |
Коммуналдық мүліктің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру |
1 ақпан |
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
5. |
Білім беру саласында сұранысқа ие кадрларды даярлау қажеттілігін зерделеу үшін еңбек нарығын талдау. Білім беру қызметтері нарығын дамыту перспективалары |
7 ақпан |
III. Тақырып бойынша көпшіліктік тыңдаулар: |
||
6. |
Астана қаласының тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары, iQala, iKOMEK109). |
14 ақпан |
IV. Депутат күні |
||
7. |
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы. |
28 ақпан |
Астана қаласы мәслихаты
аппаратының басшысы Б.Ахметжанова