Астана қаласы мәслихатының 2023 жылдың IІ-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
04.04.2023
Бекітемін
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов ____________
2023 жылдың «3» сәуір
Астана қаласы мәслихатының
2023 жылдың IІ-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
№ р/с |
Мәселенің атауы |
Қарау мерзімдері |
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер |
||
1. |
Астана қаласының тұрғындарына көліктік қызмет көрсету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру туралы |
29-30 маусым |
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
2. |
Астана қаласын жылумен жабдықтауды дамыту перспективасы (ЖЭО-3, жылу желілерін дамыту, газ отынымен кварталдық қазандықтар салу, газдандыру бағдарламасын іске асыру туралы есеп) |
18 сәуір |
Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
3. |
Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, есепке алудың барлық түрлерінде тұратын кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды өткізу туралы. |
19 сәуір |
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
4. |
Астана қаласында арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың экономикалық әсері мен перспективалары |
21 сәуір |
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
5. |
Балабақшаларды 2023 жылға тамақтандыру бойынша субсидиялау |
26 сәуір |
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
6. |
«Astana» ӘКК АҚ және оның еншілес ұйымдары жұмысының тиімділігі |
28 сәуір |
Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
7. |
Қаланың шеткі аймақтары мен тұрғын алаптарының жол инфрақұрылымын дамыту |
11 мамыр |
Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
8. |
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және елордалық дәріханалар арқылы қатты әсер ететін дәрілердің таралу фактілері туралы. |
12 мамыр |
Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
9. |
Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Мұнайтпасов атындағы стадион, «Қазақстан» спорт сарайы құрылысының барысы туралы |
18 мамыр |
III. Тақырып бойынша көпшіліктік тыңдаулар: |
||
10. |
«Қолжетімді және жайлы қоғамдық дәретханалар - елорданың мәдени бет-бейнесі» бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы |
2 маусым |
11. |
Астана қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру нәтижелері |
16 маусым |
Астана қаласы мәслихаты
аппаратының басшысы Б.Ахметжанова