Астана қаласы мәслихатының 2023 жылдың IIІ-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
13.07.2023
Бекітемін
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов ____________
2023 жылдың «30» маусым
Астана қаласы мәслихатының
2023 жылдың IІI-ші тоқсанына арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Мәселенің атауы |
Қарау мерзімдері |
|
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер |
||
|
1. |
Астана қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жүйелі шараларды қолдану туралы |
29-30 қыркүйек |
|
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
|
Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
|
2. |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлеріне тартылған және қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шаралар қолданылған тұлғалар арасында қылмыстардың қайталануының алдын алу туралы. Осы тұлғаларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. |
8 тамыз |
|
Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
|
3. |
Жол кептелісі (автомобиль кептелісі) мәселесін шешу туралы. Астана LRT жобасын іске асыру перспективасы |
10 тамыз |
|
Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
|
4. |
Мүгедектігі бар тұлғалармен жұмыс жөніндегі ұйымдар қызметінің сапасын бағалау рейтингін енгізу |
16 тамыз |
|
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
|
5. |
Астана қаласында қоғамдық көлік пен такси жұмысын субсидиялау және тиімділігі |
23 тамыз |
|
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
|
6. |
«Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысы туралы |
7 қыркүйек |
|
III. Тақырып бойынша көпшіліктік тыңдаулар: |
||
|
7. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды іске асыру |
14 қыркүйек |
|
IV. Депутат күні |
||
|
8. |
Қалалық инфрақұрылымды және тұрғын үй құрылысын дамытудың перспективалық жоспары (2030 жылға дейін сумен жабдықтау желілері мен шаруашылық-тұрмыстық және жаңбыр сарқынды суларының кәріз желілерін дамыту жоспарлары. Ескі тұрғын үйлерді бұзу. Жатақханаларды жаңарту бағдарламасы, жалға берілетін тұрғын үй) |
21 қыркүйек |
Астана қаласы мәслихаты
аппаратының басшысы Б.Ахметжанова