Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары
12.01.2021
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 557/77-VI шешімімен бекітілген
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының 2021 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
№ |
Мәселенің атауы |
Қарау мерзімдері |
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер |
||
1. |
Нұр-Сұлтан қаласындағы отбасына тәрбиелеуге берілген (асырап алуға, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету |
I тоқсан |
2. |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы «Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асыру барысы туралы есебі» № 509/68-VI шешімін іске асыру туралы 2020 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінің атқарылуы туралы |
II тоқсан |
3. |
Жергілікті атқарушы органның Нұр-Сұлтан қаласында этносаралық және конфессияаралық келісім мен азаматтық қоғам институттарын дамыту саласында қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы |
III тоқсан |
4. |
2022-2024 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінің жобасы туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі Нұр-Сұлтан қаласының жетінші шақырылым мәслихатының 2022 жыл бойынша жұмыс жоспары туралы |
IV тоқсан |
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау |
||
5. |
Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 1 және 2020 жылғы 12 наурыздағы «Нұр-Сұлтан қаласында 2023 жылға дейін аула клубтарын дамыту тұжырымдамасының жобасы туралы» № 2 қаулыларының орындалу барысы туралы |
I тоқсан |
6. |
«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті» ММ бөлімшесінің есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылы және елордада есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралар бойынша есірткіге қарсы күрес іс-шараларын өткізуі туралы |
II тоқсан |
7. |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі «Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, елорда аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы» 535/73-VI шешімін іске асыру туралы» |
III тоқсан |
8. |
Қалалық атқарушы органдардың халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша жұмысы туралы |
IV тоқсан |
Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық |
||
9. |
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың тыс ашық кеңістікте, Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуден тыс) орналастыру қағидаларын іске асыру барысы туралы |
I тоқсан |
10. |
Жергілікті атқарушы органның елордадағы автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы |
II тоқсан |
11. |
Жергілікті атқарушы органның тұрғын үй, азаматтық және әлеуметтік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы |
III тоқсан |
12. |
Құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы жергілікті атқарушы органның ведомстволық бағынысты құрылымдарының қызметіне тексеру жүргізу туралы |
IV тоқсан |
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік |
||
13. |
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясының елордада әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған 2020 жылғы дағдарысқа қарсы |
I тоқсан |
14. |
Әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану туралы |
II тоқсан |
15. |
Нұр-Сұлтан қаласында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы |
III тоқсан |
16. |
Елордада кітапхана жүйесін дамытуға бағытталған қаржы қаражаттарды тиімді пайдалану жөніндегі шаралары туралы |
IV тоқсан |
Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
17. |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын құру мен іске асыру шеңберінде мәдени және спорттық нысындарды Нұр-Сұлтан қаласына берудің тиімділігі мен орындылығы туралы |
I тоқсан
|
18. |
Техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін дуальды оқыту мен жұмыспен қамтуды дамыту және іске асыру туралы |
II тоқсан
|
19. |
Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамытудың перспективалары |
III тоқсан
|
20. |
Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін және «Үйдегі дәрігер» жобасын іске асыру туралы» |
IV тоқсан |
III. Тақырыптар бойынша көпшіліктік тыңдаулар: |
||
21. |
Жергілікті атқарушы органның пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері арасында ортақ мүлікті күтіп-ұстау және сақталуын қамтамасыз ету үшін объектіні басқарудың кондоминиум нысанын таңдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы |
I тоқсан |
22. |
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспарды іске асыру, инновациялық технологияларды ендіру перспективалары туралы |
II тоқсан |
23. |
Педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету |
III тоқсан |
24. |
Абаттандыруға, электрмен жабдықтау объектілерін, сондай-ақ инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау) көгалдандыруға және санитариялық тазартуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы |
IV тоқсан |
IV. Депутат күні |
||
25. |
Коронавирустық инфекция кезеңінде мектептерде білім беруды ұйымдастыру, проблемалары және шешу жолдары |
Бірінші жартыжылдық |
26. |
«Нұр-Сұлтан қаласының Цифрлық және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру және оңтайландыру бойынша жұмысы туралы |
Бірінші жартыжылдық |