Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары
30.12.2019
Нұр-Cұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы
12 желтоқсандағы №468/58-VI
шешімімен бекітілген
Нұр-Cұлтан қаласы мәслихатының алтыншы шақырылымының 2020 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
№№ р/б |
Мәселенің атауы |
Қарау мерзімдері |
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер |
||
1. |
- Нұр-Сұлтан қаласы мектептері оқушыларының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. - қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
II тоқсан |
2. |
- Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жергілікті жобаларының іске асырылу барысы туралы есебі. - 2019 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы. - қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
II тоқсан |
3. |
- Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, елордада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің атқарып жатқан жұмыстары туралы. - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі. - қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
III тоқсан |
4. |
- Нұр-Сұлтан қаласынт Газдандыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы. - 2021-2023 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджеті туралы. - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі - қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
IV тоқсан |
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
5. |
2023 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында аула клубтарын дамыту Тұжырымдамасының жобасы туралы. |
I тоқсан |
6. |
Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының астана аумағында көші-қон процестерін реттеу бойынша жұмысы туралы. |
II тоқсан |
7. |
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналдық полиция инспекторларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша жұмысы туралы. |
III тоқсан |
8. |
"Нұр-Сұлтан қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жастарды шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы" 2019 жылғы 4 қазандағы қаулысының орындалу барысы туралы. |
IV тоқсан |
Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
||
9. |
Нұр-Сұлтан қаласындағы жолаушылар тасымалының жай-күйі және даму перспективалары туралы. |
I тоқсан |
10. |
Нұр-Сұлтан қаласы аумағының Қала құрылысы регламентін іске асыру барысы туралы (Дизайн-код). |
II тоқсан |
11. |
Мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №448 / 62-V «Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және жою ережелері туралы» шешімін іске асыру туралы. |
III тоқсан |
12. |
Нұр-Сұлтан қаласының сумен жабдықтау, су бұру және сарқынды суларды тазарту жүйелерінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету саласында атқарушы органның жүргізіп жатқан жұмысы туралы. |
IV тоқсан |
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
13. |
Нұр-Сұлтан қаласын санитарлық тазалау мен абаттандыруды дамытуға бағытталған бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру туралы. |
I тоқсан |
14. |
Салықтық әкімшілендіруді жақсарту және Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің кірістерін ұлғайту бойынша жұмыстар жөніндегі шаралар туралы. |
I тоқсан |
15. |
Жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайту үшін "Astana "ӘКК" АҚ-ға берілген акциялар пакеті мен қатысу үлестерін заңды тұлғалардың тиімді басқаруы туралы. |
II тоқсан |
16. |
Арнайы экономикалық аймақты, өнеркәсіпті және бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді, Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымын дамыту туралы. |
III тоқсан |
17. |
Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық мүлкін басқарудың тиімділігі туралы. |
IV тоқсан |
Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
18. |
Нұр-Сұлтан қаласында жаппай бос уақытын өткізу және дамыту туралы. |
I тоқсан |
19. |
Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы медициналық-санитарлық және жедел медициналық көмек туралы. |
II тоқсан |
20. |
Нұр-Сұлтан қаласында отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру туралы |
II тоқсан |
21. |
Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету сапасы туралы. |
III тоқсан |
22. |
2016-2020 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласын дамыту Бағдарламасын іске асыру туралы. (Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау). |
IV тоқсан |
III. Келесі тақырыптағы көпшілік тындаулар: |
||
22. |
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы. |
I тоқсан |
23. |
Нұр-Сұлтан қаласы шеткі аймақтарының жағдайы мен болашақта дамуы туралы |
II тоқсан |
24. |
Сауда, оның ішінде көтерме-бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, стационарлық және көшпелі сауда, базарлардың қызметі, қызмет көрсету және тұрмыстық қызмет көрсету саласы, меншік нысанына қарамастан және азық-түлікпен қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру туралы. |
III тоқсан
|
25. |
Нұр-Сұлтан қаласындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту шаралары туралы (аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетім балалар және басқалар). |
IV тоқсан
|
IV. Депутат күні |
||
26. |
Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы. |
Бірінші жартыжылдық |
27. |
«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы» ММ-нің діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысы туралы. |
Екінші жартыжылдық |