Алтыншы шақырылымның Астана қаласы мәслихатының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары
16.07.2019
Астана қаласы мәслихатының
2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№89/13-VI
шешімімен бекітілді
Алтыншы шақырылымның Астана қаласы мәслихатының
2017 жылға арналған жұмыс жоспары
р/с №№ |
Мәселенің атауы |
Қарастыру мерзімдері |
І. Мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін мәселелер |
||
1. |
- Астана қаласында құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі бойынша шаралар туралы. - қалалық мәслихаттың әлеуметтік – мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі |
I тоқсан |
2. |
- Елордаға инвестициялар тарту стратегиясын қалыптастыру және өңірлік инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы. - Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының атқарылған жұмыс туралы есебі. - қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
II тоқсан |
3. |
- Астана қаласының халқына алғашқы медициналық – санитарлық және жедел медициналық көмек көрсету жағдайы және шаралары туралы. - Астана қаласы әкімінің елорданың әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі. - қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі. |
III тоқсан |
4. |
- елордада экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы және шаралары туралы. - Астана қаласы мәслихаты хатшысының 2017 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі. - құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі. |
IV тоқсан |
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері |
||
5. |
Білім басқармасының мектепке дейінгі балалар мекемелерінде есепке алу және орындарды бөлу туралы жұмысы туралы. |
I тоқсан |
6. |
Тұрғын үй басқармасының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үйлерді бөлу тәртібін ұйымдастыру жөнінде жұмысы туралы. |
II тоқсан |
7. |
Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасының өткізілген конкурстардың ақпараттық айқындылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы. |
III тоқсан |
8. |
Денсаулық сақтау басқармасының қала азаттамарының еңбекке жарамсыздық парақтары мен уақытша жұмысқа жарамсыз туралы анықтамаларды беру, ұзарту, жабу, сақтау және есепке алу ережелерін сақтауды бақылауды іске асыру жөніндегі жұмысы туралы. |
IV тоқсан |
Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы |
||
9. |
Қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй бизнесі саласында кәсіпорындар ұсынатын қызметтер сапасы мен қызмет көрсету деңгейінің жағдайы туралы. |
I тоқсан |
10.
|
«Астана қаласының аумағында сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру тәртібі және шарттары туралы қағиданы сақтау туралы» тұрақты комиссиялардың 2016 жылғы 23 қазандағы біріккен отырысы қаулысының орындалу барысы туралы. |
II тоқсан |
11. |
- «Астана қаласында автомобиль жолдарын дамыту және ұстау мәселелері жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі №50/9-VI шешімінің орындалу барысы туралы. - «Астана қаласының пәтер иелері кооперативтерінің қызметін жетілдіру туралы» тұрақты комиссияның 2016 жылғы 27 қазандағы қаулысының орындалуы туралы. |
II тоқсан |
12. |
Астана қаласы базарларының жағдайы және «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасын іске асыру туралы. |
III тоқсан |
13. |
Әлеуметтік объектілер, тұрғын үй объектілерін жобалау және салу сапасын жақсарту бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы. |
IV тоқсан |
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
14. |
Тексеру комиссиясының және Қаржы басқармасының жергілікті бюджет қаражатын басқару мен пайдалану тиімділігін көтеру жөніндегі жұмысы туралы. |
I тоқсан |
15. |
Сәулет және қала құрылысы басқармасының елорданың уақытша инфрақұрылымын құруда қала құрылысы саясатын іске асыру бойынша жұмысы туралы. |
II тоқсан |
16. |
«Жол картасы 2020» бизнесін қолдау және дамытудың Бірыңғай бағдарламасын іске асыру барысы туралы. |
III тоқсан |
17. |
Астана қаласының коммуналдық меншігін басқару тиімділігі туралы. |
IV тоқсан |
Әлеуметтік – мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
18. |
Астана қаласында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы және перспективалары туралы. |
I тоқсан |
19. |
Қаланың мекемелерінде тегін кәсіби – техникалық оқытуды ендіру туралы. |
I тоқсан |
20. |
Жергілікті атқарушы органдардың Астана қаласының әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымы объектілеріне мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жетуі мен кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы. |
II тоқсан |
21. |
Жетім балаларға, ауыр аурулармен ауыратын балаларға, патронатты және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру жөнінде атқарушы органдардың жұмысы туралы. |
III тоқсан |
22. |
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының тұрмыстық зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысын ұйымдастыру туралы. |
IV тоқсан |
III. Төмендегі тақырыптарға көпшілік тыңдаулар: |
||
23. |
Астана қаласының аумағында туристік қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді іске асыру барысы туралы. |
I тоқсан |
24. |
Астана қаласында Иттер мен мысықтарды серуендету мен ұстау қағидасын сақтау туралы. |
I тоқсан |
25. |
Астана қаласында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамыту жағдайлары және перспективалары туралы. |
II тоқсан |
26. |
«Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары полицияларының учаскелік инспекторларының қаланың аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмысы туралы. |
II тоқсан |
27. |
Отбасы мен қоғамда мәдени және гендерлік қатынастарды қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөнінде атқарушы органдардың жұмыс туралы. |
III тоқсан |
28. |
Астана қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары. |
IV тоқсан |
IV. Депутат күні |
||
29. |
Денсаулық сақтау мекемелерінде «Smart Astana» ақылды қала жобасын ендіру жөнінде атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру туралы. |
I тоқсан |
31. |
Астана қаласының шеткі аумақтарын дамыту жағдайы және перспективалары туралы. |
III тоқсан |
30. |
Елорданы дамыту бағдарламасын іске асыру туралы. |
II тоқсан |