Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2018 жылғы қыркүйек - 2017 жылғы маусым кезеңі бойынша ЕСЕП
23.08.2019
Астана қаласы мәслихатының
39 сессиясында қарастырылды
2018 жылдың 24 қыркүйегі
Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және көғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың қыркүйегі бойынша есебі
Тұрақты комиссия мүшелері есепті кезеңде мәслихат сессиясының жұмысына, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарына, қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатысты.
Есепті кезеңде тұрақты комиссия 17, оның ішінде бір көшпелі отырыс өткізіп, 19 мәселе қаралды.
Қаралатын мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қызметін талдай келе, комиссия біраз жұмыстар атқарғанын атап өтуге болады.
Ең маңызды мәселелерге тоқталамын.
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерін бұзу Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес жүргізіледі.
2016-2017 жылдары 106 әлеуметтік нысан құрылысы үшін 1095 жер учаскесі алынды: 7 мектеп, 5 балабақша, 15 көппәтерлі тұрғын үй кешені, 34 көше, 13 сквер, 10 жылу магистралі салынды.
Депутаттар аталған мәселені қарау барысында оң сәттермен қатар, мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жер учаскелеріне тиісті деңгейде мониторинг жүргізілмейтінін атап өтті. Жер учаскелерінің меншік иелері мен мемлекеттік емес жер пайдаланушылар өтемақы мөлшерін қанағаттандырмайды. Соңғы уақытта қала мәслихатына меншік иелерінің өтемақы сомаларына наразы өтініштері көптеп түсуде.
Мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылау тұрақты комиссияның бағыттарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында комиссия отырысында "Астана қаласында құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" мәслихаттың 2017 жылғы 17 наурыздағы шешімінің іске асырылу барысы қаралды.
Талқылау барысында депутаттар өткен кезеңде көптеген мәселелер шешілгендігін анықтады, алайда, тұрақты мекенжайлары жоқ тұлғалар, қайыршылықпен және қаңғыбастықпен айналысатын тұлғалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар жеткіліксіз түрде жүргізу мәселесі қалып отыр.
Тұрақты комиссия Астана қаласы бюджетінің бекітілуіне және орындалуына, Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығының жұмысына басты назар аударады.
Аса маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында тұрақты комиссия өз қызметінде тиімді жұмыс нысанын қолданады.
Сонымен, тұрақты комиссия «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті қорғау және қала аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы» тақырыпқа көпшілік тыңдаулар өткізді.
Шақырылғаннан бері мәслихат депутаттары тұрақты комиссияның отырыстарында Астана қаласының Ішкі істер департаментіне және "Сарыарқа" ауданының Ішкі істер басқармасына үй-жай беру мәселесі бірнеше рет көтерді. Алайда, мәселе осы уақытқа дейін шешілмеген.
Сондай-ақ, Ішкі істер департаментінің арнайы бөлімшелерін орналастыру үшін мамандандырылған база салу мәселесі қаралмаған, медициналық-әлеуметтік оңалту орталығында төсек-орын ұлғайтылмаған.
Осы мәселелердің барлығы тұрақты комиссияның бақылауында.
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы орынбасарының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің және Астана қаласы бойынша Ұлттық денсаулық сақтау палатасының атқарушы директорының қатысуымен қала азаматтарына еңбекке жарамсыздық парақтарын және уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамаларын беру, ұзарту, жабу, сақтау және есепке алу ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Мәселен, мемлекеттік, мемлекеттік емес және жеке ұйымдардың сұраулары бойынша 2015 жылы еңбекке жарамсыздықтың 95 жалған парағы, 2016 жылы - 88, 2017 жылы - 32 жалған еңбекке жарамсыздық парағы анықталды.
Белгісіз тұлғалардың медициналық құжаттарды, медициналық ұйымдардың мөрлерін, дәрігерлердің қолдарын және қажетті бланкілерді қолдан жасауы өткір проблема болып отыр.
Және тұрақты комиссия меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың берген анықтамалары немесе уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша деректерді енгізу үшін медициналық құжаттар бойынша бірыңғай ақпараттық жүйені құру мәселесін зерделеуді ұсынды.
Тұрақты комиссия Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатына және "Алматы" және "Есіл" аудандарының мемлекеттік мұрағатына тұрақты сақтау және жеке құрам бойынша құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және Астана қаласының кәсіпорындары мен мекемелерінде мұрағат құжаттарын пайдалануды ұйымдастыру бойынша мәселені дайындау кезінде болды.
Мұрағат қоймаларының артық жүктелуі тиісті тәртіпте және жеткілікті көлемде ведомстволық мұрағаттардан құжаттарды сақтауға қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Құжаттық материалға сараптама жүргізу үшін арнайы жабдықтармен жарақтандырылған үй-жайлардың болмауы сақтауға келіп түсетін құжаттарды тиісті деңгейде жедел және сапалы өңдеуге мүмкіндік бермейді, олардың арасында аса құнды құжаттарға жататын және тарихи-мәдени маңызы бар даналар кездеседі.
Сұрау салуларды орындаудың өсу үрдісі байқалады. Көрсетілетін қызметті алушы екі және одан да көп ұйымның деректерін сұрайтын сауалдардың басым бөлігі таяу және алыс шетелдерден елшіліктер мен өкілдіктер арқылы келіп түседі.
Тұрақты комиссия Астана қаласының әкімдігіне қабылданған нормалар мен талаптарға жауап беретін жаңа типтік мұрағат ғимаратын салу мүмкіндігін қарастыруды немесе құжаттарды сақтаудың барлық талаптарына жауап беретін коммуналдық меншіктен ғимарат бөлуді және компьютерлік техника мен ұйымдастыру техникасын (көшіру-көбейту аппараттары, сканерлер мен жиһаз) сатып алуға қаржы бөлуді ұсынды.
Тұрақты комиссияның маңызды бағыты мәслихаттың қабылдаған шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Жыл сайын мәслихат хатшысының өкімімен құқықтық мониторинг жүргізу кестесі бекітіледі, ол өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
Астана қаласының әкімдігі әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуін бақылауға алуы қажет.
Тұрақты комиссия мүшелері: Е. Б. Сыдықов,М. Е. Төлеутаев, К. К. Таукен, З. Г. Жүсіпова, Г. А. Данбаева - Астана қалалық мәслихаты өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Сондай-ақ, басқа комиссиялардың депутаттары тұрақты комиссия өткізетін іс-шараларға белсенді қатысты.