Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2026 жылдың қаңтар айынан бастап маусым айына дейінгі кезендегі есебі
Құрметті депутаттар, шақырылғандар!
Тұрақты комиссияның қызметі, ең алдымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен форумдарда берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бас-ты мәселе - бюджетті тиімді пайдалану.
Тұрақты комиссияның 2024 жылдың шілдесінен бастап 2025 жылдың желтоқсанына дейінгі алдыңғы есебі мәслихат сессиясында 2025 жылғы 12 желтоқсанда қаралды.
Оның қорытындылары бойынша мәслихат Тұрақты комиссияға жергілікті бюджеттің орындалуына, 2026-2030 жылдарға арналған Ас-тана қаласының Даму жоспарын іске асыруға, бюджеттік бағдарла-малардың әкімшілерінің мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштеріне жетуіне, мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларын іске асыру тиімді-лігін арттыруға және Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзге де бағыттарына бақылауды күшейтуге бағытталған ұсынымдарды берді.
Осыны ескере отырып, мәслихаттың Регламентіне, 2026 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес, мәслихат сессиясының жоғарыда көрсетілген шешімін орындау мақсатында, Тұрақты комиссия өз қыз-метін жүйелік режимде жалғастырды.
Комиссия бұрынғыдай 8 депутаттан құралады: К.С. Адамбек, С.М.Дженалаева, М.Б.Ажикенова, Б.А.Смаилов, Б.Т.Төлеген, Н.Е. Садырбаев, Ж.Қ.Рахмет және Б.Д. Жолжақсынов.
Мұндай тәжірибелі құрам мәселелерді қараудың салааралық тәсілдемесін қамтамасыз етеді. Себебі комиссия қаржы, юриспруден-ция, кәсіпкерлік, медицина, өндіріс және әлеуметтік салаларындағы мамандардан құралған. Тұрақты гендерлік теңгерім сақталған, комис-сияның құрамында 3 әйел және 5 ер адам бар.
Комиссияның жұмысы басты бағыттар, оған қоса бюджет, эко-номика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері, сондай-ақ басқар-малармен, қаланың аудандық әкімдіктерімен өзара әрекеттесу, жұмыс топтары мен ведомствоаралық комиссияларға қатысу бойынша ұйым-дастырылған.
Есептік кезең ішінде 25-тен астам комиссия отырысы, соның ішінде көшпелі отырыстар өткізілді. Депутаттар қала әкімдігінің жа-нындағы 17 жұмыс топтары мен комиссияларына белсенді қатысуын жалғастыруда.
Депутаттың қызмет аясында 150 жазбаша және 15 ауызша де-путаттық сұрау салынды. Оларды қарау нәтижелері бойынша кемінде 70 өтініш оң шешімін тапты. Біразына кеңестер берілді, біршамасының орындалу уақыты әлі де бар.
Білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу және жаң-ғырту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, жолдар мен жаяу жүргін-шілер жолдарын жөндеу, көше жарығын орнату, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және астана тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мәселелері шешілді.
Кешегі Сенатта екі оқылымда қабылданған Қазақстан Республи-касындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару ту-ралы заңға енгізілген өзгерістерге сай, депутаттық сұрауларға жауап беру мерзімі 30 күннен 15 күнге азайтылды. Осы оң өзгерістер біздің жұмысқа оң септігін тигізеді деп пайымдаймыз.
(Депутаттардың оң кейстері слайдта көрсетілген.)
Халықпен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінді. Бірінші жарты жылдықтың ішінде 148 азамат, соның ішінде мәслихаттың қоғамдық және «AMANAT», «Ақ жол» партияларының қабылдау бөлмелерінде, сондай-ақ сайлау округтарындағы жеке қабылдаулар барысында қа-былданды.
Біздің комиссиямыз сонымен қатар Астана қаласы бойынша «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдар-ламасын орындау жөніндегі Жол картасының 126 тармағының 57-сі бойынша жауапты болды. Жалпы, Жол картасы белгіленген мерзімде орындалып отырды.
Депутаттардың мекенжайына кәсіпкерлік, өнеркәсіп, экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлікпен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау және қалалық инф-рақұрылымды дамыту мәселелері бойынша азаматтардан 130-дан ас-там өтініш келіп түсті. Бәрі мүмкіндігінше қаралды, жауаптар берілді.
Жұмыстың маңызды бағыты ақпараттық-түсіндірме қызметі бол-ды. Есептік кезең ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде, оған қоса телевизия арқылы 1 686 материал, бейнематери-алдар жарияланды.
Одан басқа, халықпен, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар-дың, қоғамдық бірлестіктердің және еңбек ұжымдарының өкілдері-мен 228 кездесу өткізілді. Соның арқасында қала тұрғындарымен тұрақты кері байланыс үдертілді және жетілдірілді.
Бақылау қызметінің шеңберінде 92 көшпелі іс-шара, мониторинг және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына, әлеуметтік объектілердің құрылысына, абаттандыру бағдарламалары мен мем-лекеттік-жеке серіктестік іс-шараларының орындалуына тексерулер жүргізілді.
Біздің депутаттық жұмысымыздың маңызды бөлігі - сайлаушы-ларымызға, яғни халыққа есеп беру. Ағымдағы жылдың сәуір - мамыр айларында тұрақты комиссия мүшелері - бірмандатты округтердің жә-не партиялық тізіммен сайланған депутаттар 5-10 есептік кездесулер өткізді. Қала тұрғындары осы шараны оң қабылдады. Еститін мем-лекет қағидасының іс жүзінде асып жатқандығына куә болды.
Қала әкімдігінің, аудандық әкімдіктердің бейімді басқармала-рының қатысуымен мәселелерді қарау барысында коммуналдық мен-шікті басқаруға, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, қала үдерістерін цифрландыруға, инвестициялық қызметке, абат-тан-дыру, көгалдандыру, санитариялық күтіп-ұстау және коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Күрделі мәселелерге, оның ішінде қызмет көрсетуші ұйымдар-дың балансына тез арада табыстауды талап ететін иесіз қалған ком-муналдық желілер мен объектілердің болуына жеке назар аударылды. Коммуналдық заңды тұлғалардың тиімділігін арттыру және шығынды кәсіпорындардың санын азайту қажеттігі туралы баса айтылды.
Цифрландыру саласында жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып қалалық инфрақұрылымды басқару жүйесін енгізу жөніндегі мемлекеттік-жеке серіктестік жобасы қаралды. Ақпараттық жүйелердің интеграциясын қамтамасыз ету, киберқауіпсіздікті кү-шейту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік, жол қозғалысы, қала қыз-меттерінің тиімділігі және бюджет шығындарын оңтайландыру бағыт-тары бойынша КРІ енгізу ұсынылды.
Кәсіпкерлік салада «Astana» ӘКК» АҚ қызметі қаралды. Ак-тивтерді пайдалану тиімділігін арттыру, шағын өнеркәсіп аймақтарын дамыту және мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін кеңейту қажеттігі айтылды.
Коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелеріне бөлек көңіл бөлінді. Жария тыңдаулардың нәтижелері бойынша коммуналдық меншік құрылымын оңтайландыру және нысандарды басқару тиім-ділігін арттыру міндеті атап өтілді.
2025 жылға арналған бюджеттің орындалуын бақылау аясында бюджеттік жоспарлаудың сапасы, дебиторлық және кредиторлық бе-решектің жай-күйі, берешекті өндіріп алу бойынша шараларды уақ-тылы қабылдау, сондай-ақ қаланың коммуналдық меншігіне бюджет-ті инвестициялық жобаларды қабылдау және сүйемелдеу жұмысының тиімділігі мәселелері қаралды.
Астана қаласының 2026 жылдың І тоқсанына арналған бюд-жетінің орындалуына қатысты бюджет тұрақты экономикалық ахуал жағдайында орындалатыны атап өтілді. Сонымен бірге, жоспарлаудың сапасымен, қаражаттарды игеру деңгейінің жеткіліксіз болуымен және жекелеген, ең алдымен көлік, құрылыс және білім беру салаларында жобаларды іске асырудағы мәселелерге байланысты тәуекелдер сақ-талуда. Бұл мәселеде Тексеру комиссиясымен тығыз іскер байланыс орнатылған. Онымен қоса, сіздермен бірге қала бюджетін үш рет нақ-тыладық.
Жалпы алғанда, есептік кезең ішіндегі тұрақты комиссияның қызметі мәселелерді өз құзыреті шеңберінде қарауға, қаланы әлеу-меттік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттары жөніндегі ұсы-ныстар мен ұсынымдарды дайындауға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мүдделі құрылымдармен өзара әрекет-тестікке бағытталды.
Есебімнің соңында атқарушы органдар тарапынан сындарлы ынтымақтастық және қолдау көрсетіліп жатқанын ерекше атап өтемін. Оларға жұмысының тиімділігі алдағы уақытта арта берсін деген тілек айтамын.
Есеп беру аяқталды.
Назарларыңызға рақмет.