Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2024 жылдың 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 1 желтоқсанға деіңгі кезендегі есебі

Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіп-керлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі қызметі қолданыстағы заңнамаға, Регламентке және Мәслихаттың Жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Тұрақты комиссияның құрамы, өзгерістерді ескергенде (құрамнан шық-қандар 2: Т. Зейнұлқабден, Кульмагамбетова Ж.Ж.; қосылғандар 3: Рахмет Ж.К., Ажикенова М.К. және Садырбаев Н.Е.) қазіргі уақытта ішінде қаржы, медицина, өндіріс, балабақша, ұлттық кәде салаларының кәсіпкерлері мен заңгер бар 8 депутаттан (Адамбек К.С., Дженалаева С.М., Смаилов Б.А., Толеген Б.Т., Жолжаксынов Б.Д., Ажикенова М.Б., Рахмет Ж.К., Садырбаев Н.Е.,) тұрады.

Тұрақты комиссия мүшелері партиялық тізімдер бойынша: «AMANAT» партиясынан 2 депутат, ҚДП «АК ЖОЛ» партиясынан 1 депутат, ал 5 депутат бірмандаттық сайлау округтерінен сайланған, барлығы «AMANAT» партиясына мүше болып келеді.

Гендерлік құрамы: 3 әйел және 5 ер адам.

Тұрақты комиссияның төрағасы мен мүшелері арасында комиссияның негізгі қызмет бағыттары (экономика, бюджет, өндіріс және кәсіпкерлік), сон-дай-ақ әкімдік басқармаларымен жұмыс істеу және үйлестіру, әкімдік жанын-дағы ведомствоаралық комиссияларға қатысу функциялары бөлінген.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап тұрақты комиссия 25-тен астам отырыс өткізді, оның ішінде 12 шығыс отырыс.

Тұрақты комиссия мүшелері әкімдік жанындағы 17 астам әртүрлі комиссия мен жұмыс топтарының құрамына кірген.

Депутаттардың тұрақты комиссиядағы жұмыс статистикасын қысқаша ұсынамыз.

Депутаттар уәкілетті органдарға 351 депутаттық сұрау жолдады, олардың 131-іне оң шешімдер алынды. Жұмыс жалғасуда.

Депутаттық сұраулар аясында алынған кейбір оң шешімдер.

Депутат Адамбек К.С. сұраулары бойынша:

Зейнеткер Ногай Р. сұрауы бойынша оның үйіне тегін сумен қамтамасыз ету жүргізілді.

«Сарыарқа» ауданы әкімдігінің қолдауымен мүгедек баласы бар Кобчегов Аскар Болатовичке кәсіпкерлікке арналған орын берілді.

Өтініш беруші Сабира Есимхановаға жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бірнеше жартылай жұмыс күнгі бос орындардың тізімін ұсынды. С. Есимханованың ұлы жүзу үйірмесіне резервке алынды. Сонымен қатар, қаржылай көмек ретінде 40 мың теңге берілді.

Сонымен қатар, өтініш беруші Лаззат Алтаевна Каракойшинаға бірнеше жартылай жұмыс күнгі бос орындардың тізімі ұсынылып, қаржылай көмек ретінде 40 мың теңге берілді.

Депутат Б.А. Смаиловтың сұраулары бойынша:

Заңнамада белгіленген тәртіппен қаржы бөлінді:

№41 мектепке қосымша құрылыс салуға;

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының, М. Дулатова атындағы №68 мектеп-гимназиясының ғимараттарын жөндеу және қайта құруға;

№85 «Мейржан» балабақшасының ғимараты мен шатырын жөндеуге;

аталған объектілерге жиһаз, медициналық және ас үй жабдықтары, матрацтар, төсек-орын жабдықтары және т.б. сатып алуға.

№49 жаңа автобус маршруты іске қосылды (Коктал-2 шағын ауданынан Бас мешітке дейін).

«Құтты Мекен» ТК-де Тлендиев көшесі, 40 мекен-жайында аула клубы ашылып, ағаштар отырғызылды.

Бабатайұлы көшесі, 6, 8, 14, 18 үйлердің, Көктөбе (Коктал-1) және Кендала 2,3 (Коктал-2) көшелеріндегі тұрғын үйлердің ауласында балалар және спорт алаңдары орнатылды.

Депутат С.М. Дженалаеваның сұраулары бойынша:

Жиенқұлов көшесі бойына жаңа шамдар орнатылып, қосылды.

Ж. Тархана көшесі, 1/7 мекен-жайында тұрған тұрғынның мүддесі үшін жағдай реттелді: оның үйінің жанында көпқабатты ғимарат құрылысын бастау кезінде құрылысшы үйді сатып алды.

Сембинова көшесі, 10/1 мекен-жайындағы тұрғын үй ауласы абаттандырылып, ғимараттың фасады жөнделді.

Абай 97 мекен-жайы бойынша асфальт қабаты төселіп, ақаулар жойылып, дублер бойымен қауіпсіз және ыңғайлы қозғалыс қамтамасыз етілді.

Кравцов көшесі, 1/2 мекен-жайында жасыл желекті күтіп-баптау бойынша кешенді шаралар жүргізілді: санитарлық кесу, ағаштарды күшейту және маңай аумағын абаттандыру.

Пушкин көшесі, 9 үйде төбені жөндеу жүргізіліп, шатырдағы су ағуы жойылды.

Жубанов көшесі, 10 мекен-жайындағы тұрғын үйде фасадтың қауіпті бөліктерін демонтаждау жұмыстары жүргізілді.

Депутат М.Б. Ажикенованың сұраулары бойынша:

Өтініш беруші Сулушаш Сетейге әлеуметтік жоба аясында 150 м² жеңілдетілген кеңістік тігін цехына берілді. Жаңа жерде Сулушаш Сетей кеңейтілген тігін цехын ашып, әйелдерге (әлеуметтік осал тобы категориясына) тегін оқыту ұйымдастырды және жаңа жұмыс орындарын жасады. Сонымен қатар, зейнеткерлерге тұрақты түрде тегін киім тігу көмегі көрсетілуде.

Ш. Қалдаяқов көшесі, 44 мекен-жайында (Ұлы Дала - Қалдаяқов қиылысы, LRT астында) бағдаршам орнатылды.

Хиуаз Доспанова көшесі, 2/2 мекен-жайында ұзындығы 200 м, ені 1,5 м жаңа жаяу жүргінші жолы салынды.

«Шұғыла» балабақшасы мен «Bravo» ЖК алдында жаңа қалқымалы жаяу жол бөгеттері орнатылып, бұл тұрғындар мен балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігін едәуір арттырды.

Ж. Нәжімеденов көшесінде аялдама белгісі орнатылды, қоғамдық көліктің қозғалыс жолағы белгіленді, жол жиегінде автокөліктерді қоюға шектеу енгізілді.
№86 мектеп-лицей аумағының қоршауы орнатылды, мектеп алдындағы айналмалы жолдың жабындысы жаңартылды, жаңа жарықтандыру орнатылды.

Депутат Рахмет Ж.К. сұраулары бойынша:

Гете көшесі мен Республика даңғылының бір бөлігін қайта құру жұмыстары жүргізілді.

«Атырау», «Медик» қоғамдық алаңдарында, сондай-ақ 17-шағын ауданның 63 ауласында және 19 саябағында қалалық жабдықтарды ауыстыру, жабындыны қалпына келтіру, жаңа ойын және воркаут алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілді.

Бекетай және Молдагулова көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылды.

Депутат Толеген Б.Т. сұраулары бойынша:

Ауған кварталы бойынша автобус маршрутына қосымша аялдамалар орнатылды, маршрут Кожаберген жырау, Сырым батыр және Исатай батыр көшелері арқылы өтетін болды.

«Премьера» ЖК үйінің ауласы абаттандырылды.

Жаңа ыңғайлы №100 мектеп жанында қосымша аялдама енгізілді.

Зейнеткерлерге арналған мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.

Айта кету керек, бұл депутаттық сұраулар бойынша оң шешімдердің тек бір бөлігі ғана.

Барлығы 394 қабылдау өткізілді, оның ішінде:

Мәслихат қоғамдық қабылдауында – 101 қабылдау, партиялық қоғамдық қабылдауда – 129 қабылдау, жеке қабылдаулар – 164.

Комиссия мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарында да белсенділік танытады.

БАҚ-тағы жарияланымдар саны:

Газеттер мен журналдарда – 194; әлеуметтік желілерде (Facebook және Instagram) – 3059; телевизиялық эфирлерде – 21; 400 видеороликтер шығарылды.

Жұмыс барысында депутаттар тұрғындармен, мекемелермен, кәсіпорын-дармен және ұйымдармен 252 кездесу өткізді.

Барлық депутаттар мүмкіндігінше тұрақты түрде қайырымдылықпен айналысады, өз сайлау округтеріндегі қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсетеді.

Депутат БахаргульТолеген Уркер шағын ауданында инсульт алған азаматқа автоматты басқарылатын мүгедектік арба сатып алды.

2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Тұрақты комиссия қаладағы туристік саланы дамыту, Индустриалды парк №1, №2 инженерлік инфрақұрылымын жүзеге асыруға бөлінген қаржыны тиімді пайдалану, ЖСҚ (ГЧП)  жобаларын іске асыру, коммуналдық құқықтық тұлғалар, аудандармен абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық мәселелерін қарастырды.

Отырыстарға дайындық шеңберінде депутаттар ЖМС (жеке–мемле-кеттік серіктестік) объектілеріне, қоғамдық кеңістіктерге, өнеркәсіп кәсіпо-рындарына (цехтар, зауыттар) және т.б. барады.

 

Аудандық әкімдіктерде өткізілген отырыстарда кейбір аудандар мен тұрғын массивтерінде жаңбыр суын ағызу жүйесінің жеткіліксіз өткізгіштігі, жолдарды жөндеу, жол жабындарының сапасы, аялдамалар мен бейнебақылау камераларының жеткіліксіздігі және т.б. сияқты проблемалық мәселелер қаралды.

Жыл басынан бері тұрақты комиссия депутаттары квазимемлекеттік сектор басқармалары мен кәсіпорындарында есептік кездесулер өткізді, олармен үйлестіру және өзара іс-қимыл жүргізіледі:

Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы, Қаржы басқармасы, Мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы, «СПК «Astana» АҚ, «Астана Innobations» АҚ, «Астанаинвест» АҚ, «Астана дамыту орталығы» ЖШС, «Астанатуризм» ЖШС және т.б.

Тұрақты комиссияның ұсынған тапсырмаларының орындалуы тоқсан сайын талданады. Барлық тапсырмалар қаралып, нәтижесі бойынша бақылауға алынады немесе орындалған жағдайда бақылаудан шығарылады.

Тұрақты комиссияның барлық отырыстары ашық болып, қала тұрғындарына қолжетімді болды. Отырыстар Facebook желісінде тікелей эфирде көрсетілді. Қала тұрғындары қаралған мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойып, жауап ала алды.

Тұрақты комиссия мүшелерінің басым бөлігі «AMANAT» партиясының мүшелері болғандықтан, Астана қаласы бойынша «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жол картасының 126-тармағының 57-тармағына жауапты болды. Есепті кезеңде жол картасының орындалуына депутаттар лайықты үлес қосты.

Бағдарлама аясында барлығы 72 тармақ орындалды, 54 тармақ орындау кезеңінде.

Жалпы қаржыландыру көлемі – 371,7 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджет – 104,6 млрд теңге, жергілікті бюджет – 267,1 млрд теңге.

Бірінші бағыт – «КІРІСТЕРДІ АРТТЫРУ»

Бұл бағыт бойынша 23 тармақ қарастырылған, оның 15 тармағы орындалған, 8 тармағы орындау кезеңінде.

Екінші бағыт – «ТҰРМЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ»

Бұл бағыт бойынша 27 тармақ қарастырылған, оның 20 тармағы орындалған, 7 тармағы орындау кезеңінде.

Үшінші бағыт – «ТҰРМЫС ШАРАЛАРЫН ЖАҚСАРТУ»

Бұл бағыт бойынша 66 тармақ қарастырылған, оның 33 тармағы орындалған, 33 тармағы орындау кезеңінде.

Төртінші бағыт – «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ»

Бұл бағыт бойынша 10 тармақ қарастырылған, оның 7 тармағы орындалған, 3 тармағы орындау кезеңінде.

Тұрғындар сұраулары мен жол картасын орындау барысында тұрақты комиссия мен жалпы мәслихат жұмысына айтарлықтай үлес қосқан депутаттар – бірмандатты депутаттары Бауыржан Смаилов, Салтанат Дженалаева, Мадина Ажикенова және Бахаргуль Толеген екенін атап өту керек.

Заңнаманың өзгерістеріне сәйкес олар жыл сайын сайлаушылар – Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы, Нұра және Сарайшық аудандары тұрғындары алдында есеп береді.

Тақауда депутат Ж.Рақмет өз округында есебін берді.

Айта кету керек, комиссия мүшелерінің үші қала дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттау алған:

Дженалаева Салтанат Мухамбетпанқызы және Кульмагамбетова Жанаргуль Жумабаевна 2024 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған;

Ажикенова Мадина Берикболовна 2025 жылы «Шапағат» медалімен марапатталған.

2024 жылы мәслихаттың 30 жылдығына орай депутат Смаилов Бауыржан Амангельдинович «Құрметті депутат» төсбелгісімен марапатталған.

Кейбір депутаттар Сенат Төрағасының марапаттау қағазымен марапатталған.

Соңында тұрақты комиссия депутаттарының қызметінде, ең алдымен пар-тиялық тізімдер бойынша депутаттар арасында пайдаланылмаған резервтер бар екенін атап өткім келеді.

Негізінен тұрақты комиссия мүшелері алдағы мерзімге не істеу, қалай істеу керек екендігін, қай мәселеге басымдық таныту қажеттілігін біледі.

Сөзімді қорыта келе, мәслихат төрағасына, аппаратына, мәслихаттың үш комиссиясына, Елорда әкімшілігі басшылығы мен барлық басқармалар, олар-дың еншілес мекемелеріне, аудан әкімдері мен аппараттарына ерекше шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Журналистер қауымына жұмысымызды әділ де уақытында көрсткені үшін бөлек рақмет айтамыз.

Әкімшілік біздің басты әріптесіміз. Астана халқының әл-ауқатын жүйелі жақсартуға бірлесіп жұмыс істеуді қарқынды жалғастырамыз.

Назарларыңызға рақмет.