Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2019 жылдың қыркүйегінен бастап 2020 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықтағы есебі
30.09.2020
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
73 сессиясында қарастырылды
2020 жылдың 30 қыркүйегі
Бүгін заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегітұрақты комиссияның (бұдан әрі – Тұрақты комиссия) атқарған жұмысы туралы есеп бере отырып, есепті кезеңде қаралған мәселелерге қысқаша тоқталғым келеді.
Тұрақты комиссия өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Регламентке және қалалық мәслихаттың перспективалық жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Есепті мерзімде тұрақты комиссияның 14 отырысы өткізілді.
Осылайша, комиссия «Нұр-Сұлтан қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жастарды шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы», «2023 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында аула клубтарын дамыту Тұжырымдамасының жобасы туралы», «Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналдық полиция инспекторларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша жұмысы туралы», «Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының Елорда аумағында көші-қон процестерін реттеу бойынша жұмысы туралы» мәселелерді қарады.
Талқылау нәтижесінде депутаттар әскерге шақырылушыларды үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етуді, кейбір клубтардың тұрғын үйлердің жертөлелерінде және астыңғы қабаттарында орналасуы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға қайшы келетіндігіне назар аударды, сондай-ақ аула клубтарының кадрлық құрамындағы дағдарысқа да тоқталып, сенбі мен жексенбі күндері мектептерде клубтардың жұмысын ұйымдастыруды ұсынды.
Көші-қон қызметі орталығының кейбір атқарған жұмыстарын атап өтуге рұқсат етіңіздер.
Көші-қон қызметі 73 266 адамды ұлттық паспорт пен жеке куәліктермен құжаттандырған, 686 азаматқа Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат берген.
948 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдап, 904 шетелдік тұрақты тұруға қалдырылған, олардың 643 – қандастар.
Қаланың қызмет көрсету орталықтарында 68 598 Қазақстан Республикасының азаматтары тіркелген, 14 622 Қазақстан Республикасының азаматтары тіркеу тізімінен шығарылған. 18 838 азамат тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелген. 2020 жылдың 6 айында шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне 1947 шақыру қағаздары ресімделіп, олардың ішінде
1 809 – заңды тұлға, 138 – жеке тұлға, әртүрлі санаттағы 2838 виза ресімделген және берілген.
Сонымен қатар, әкімшілік және материалдық-техникалық базаның қазіргі заманғы стандарттар мен талаптарға сәйкес еместігін, жұмыс бөлмелерінің жоқтығын және елорданың Көші-қон қызметі орталығы ғимаратында негізгі санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылғандығын атап өтуге болады.
Балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мәселесін қарау барысында депутаттар бар проблемалық мәселелерді анықтады. Біріншіден, мектеп инспекторларының жоқтығынан «қиын» жасөспірімдерге бақылау әлсіреді. Бүгінгі күні елордада 182,3 оқушылар контингенті бар 117 жалпы білім беретін мектептерде оқытылуда. Олардың ішінде 17 -де мектеп инспекторы жоқ.
Екіншіден, профилактика мәселелері бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық әлі тиісті деңгейде жолға қойылмағанын мойындау керек.
Үшіншіден, ұрлықтың алдын алу және болдыртпау мақсатында барлық білім беру мекемелерінде бейнебақылау жүйесі мен турникеттер орнатылмаған.
Тұрақты комиссияның бастамасымен қалалық мәслихаттың сессиясында «Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» мәселесі қаралды. Сессияға дайындық кезінде депутаттар елордадағы бірқатар аула клубтарын («Жасқанат», «Шағала» және «Бәйтерек») және «IHUB», «IQ» және «ASTANAHUB» коворкинг орталықтарына барды.
Көші-қон қызметі орталығының кейбір атқарған жұмыстарын атап өтуге рұқсат етіңіздер.
Депутаттар коворкинг орталықтарына барған кезде жаңа құрылымдық алаңдардың меншік формасымен және қаржыландыруымен, осы құрылымдардың жастарға беретін мүмкіндіктерімен танысты. Үй-жайдың жайлылығы мен әмбебаптығы, қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне көзіміз жетті. Сонымен бірге біз жастардың көпшілігі үшін коворкинг орталықтарының қызметтерінің қолжетімді еместігіне көңіл бөлдік.
Елорданың депутаттық корпусы атынан тұрақты комиссияның мүшесі Ерлан Бәтташұлы Сыдықов білім алудағы студенттердің өмір сүру сапасын жақсарту бойынша идеялар ұсынды. Атап айтқанда, жолақысы екі есеге азаятын студенттерге жол жүру құжатын беру мүмкіндігін қарастыруды және осы мәселе бойынша бірқатар нақты ұсыныстар айтты.
Сонымен қатар сессияда студент жастардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, студенттер үйін салу үшін жер учаскелерін бөлу мәселесін шешуді жеделдету, қалада студенттер емханаларын ашу мәселесін зерделеу, жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт алаңдарын салу бойынша шаралар қабылдау, Нұр-Сұлтан қаласының шекарасында орналасқан тұрғын жайларға ерекше көңіл бөлу керектігі айтылды.
Ең өзекті және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылау үшін тұрақты комиссия өз қызметінде жұмыстың тиімді формаларын қолданады.
Осылайша, тұрақты комиссия «Жол қауіпсіздігі жағдайы мен оны қамтамасыз ету шаралары туралы» мәселені көпшілік тыңдауларда қарады.
Көліктің кептелісін азайту және өткізу қабілетін арттыру мақсатында жол желісі бойынша ауқымды жұмыстар жүргізгенін атап өткен жөн. 90 км жаңа жолдар салынып, 183 көшедегі 99,5 км қолданыстағы жолдар жөнделді, 13 950 км жолдарды қамтитын қаланың жолдар желісіне 465 зерттеу жүргізілді.
Көпшілік тыңдауларға қатысқан қала тұрғындары депутаттардың назарын қоғамдық көліктің жұмысына аударды, яғни автобус жүргізушілері жүру кестесін сақтамайды, автобуста ақаулар пайда болса да немесе тіпті бұзылулар болса да желіде жүреді. Салонда автобус маршруттары туралы ақпарат, аялдамалар көрсетілген схема жоқ. Қоғамдық көліктерде орталықтандырылған ескерту жүйесі жұмыс істемейді, тоқтату туралы хабарландырулар кейінге қалдырылады немесе алда жүреді, бұл жолаушыларға белгілі бір қолайсыздықтар туғызады.
Автобус кондукторларында жолаушылармен қарым-қатынас кезінде мәдениеттілік пен әдептілік жоқ, олардың сыртқы келбеті мен жұмыс киімдері де талапқа сай емес.
Қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жастар саясатын іске асыру барысы туралы» мәселе бойынша Депутат күні өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру аясында Елордада «Нұр-Сұлтан Жастары 2019» өңірлік жол картасы әзірленді, оған
11 негізгі бағыт бойынша 136 жоба енгізілген.
Алайда, жастардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша қабылданған шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселелері және аула клубтарының жеткіліксіздігі, елорда шетінде спорт алаңдарының жоқтығы және мемлекеттік органдардың жастар қоғамдық бірлестіктерімен өзара үйлесімді әрекеттері өзекті проблема болып қала береді.
Сонымен қатар, тұрақты комиссия елорданың бюджетін бекітуге және қала бюджетінің атқарылуы туралы есепті қарауға ерекше назар аударады.
Тұрақты комиссияның маңызды бағыты – Мәслихаттың қабылданған шешімдеріне өзгерістер мен толықтыруларды уақытында енгізу және құқықтық мониторинг жүргізу.
Комиссия жұмысының тағы бір бағыты Елорданы кеңейту және жаңа аумақтарды абаттандыру мен әлеуметтік нысандар салу үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарт жобаларын қарау.
Құрамына депутаттар Ерлан Бәтташұлы Сыдықов, Мұхтар Есенжанұлы Төлеутаев, Зәуре Гинаятовна Жүсіпова, Гүлнар Аманжолқызы Данбаева кіретін тұрақты комиссия мүшелері барлық іс-шараларға белсенді қатысатын, үйлестіру кеңестерінің, қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың мүшелері бола отырып, қаланың дамуына тікелей қатысатын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірі, қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға үлкен үлес қосатын депутаттар.
Қысқасы, мен есеп беру кезеңіндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі мәселелеріне тоқталуға тырыстым.
Қорытындылай келе, менің әріптестеріме, басқа комиссиялардың депутаттарына нәтижелі және белсенді жұмыстары, қалалық мәслихаттың комиссиялары мен сессияларының жұмысына қатысқаны үшін алғысымды білдіремін.