Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссияның 2016 жылғы наурыз — 2017 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңі бойынша есеп
27.08.2019
Көріп отырғандарыңыздай, комиссия әрбір қала тұрғынының күнделікті өміріне қатысты экология, көлік, сауда, құрылыс және ТКШ мәселелерін қамтиды.
Әрбір адам күнделікті өмірде оны қандай орта қоршап тұрғандығымен, қандай ауамен демалып жатқандығымен, жұмысқа немесе оқу орнына дейін қалай жететіндігімен, тұрғын үйдің және өзге де объектілердің сапасының қандай екендігімен, өмір тіршілігін қамтамасыз етудің барлық жүйесі қалай жұмыс ітеп жататындығымен бетпе – бет келеді.
Осы секторлардың әрбіреуінде нақты жұмыс жүргізіледі, әрине, анықтау және шешу қажет проблемалар да бар.
Тұрақты комиссияның міндеті осы жұмыстарды әрбір нақты секторда талдау жүргізу, шешу жолдарын іздеу, елорда әкімдігі мен мәслихаттың құзіретін түсіну, құқықтық деңгейде жұмыс істеуге және туындаған проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін нормативтік – құқықтық актілер қабылдау жолымен жүйелі негіздежүргізу.
Отырыстардың тақырыптары мен санына толық түрде тоқталмаймын, тек қана маңызды және қызықты дегендеріне тоқталып өтейін.
Біріншіден,тұрақты комиссия мәслихаттың барлық сессияларына қатыса отыра, оларды шешу барыстарын қарастырады:
Астана қаласының тұрғын үй алаптарында, Көктал-2 кентінде, Комсомольский тұрғын үй алабында (4-кезек) және басқаларда жолдар және инженерлік желілер салу, қайта жаңарту.
Екіншіден, «Елорда тұрғындарына саудалық қызмет көрсету және қызмет көрсету сапасының деңгейін көтеру жағдайы туралы», «Астана қаласының аумағында сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру тәртібі және шарттары жөніндегі ережені сақтау туралы», «Астана қаласында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамыту жағдайы және перспективалары туралы» көпшілік тыңдауларға қатысу.
Сондай-ақ, тұрақты комиссия «Мұнайшы» ПИК төрайымы Ж.С. Доржигулованың өтінішін қарастырды, кездесулер, талқылаулар өткізілді, тиісті қаулы шығарылды және «Астана Су Арнасы» АҚ-на Ә. Бөкейхан көшесі бойындағы № 2 және № 4 үйлерге су бұру желісін коммуналдық меншікке қабылдау, «Астанажылутранзиті» АҚ-на негізсіз талаптарды қолдануға жол бермеуі ұсынылды. Сондай-ақ, тұрақты комиссияның 2016 жылғы 26 қазандағы «Астана қаласында ПИК қызметін жетілдіру туралы» қаулысы шығарылды.
ТКШ секторының өзектілігін ескере отыра, тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына Астана қаласының ПИК жұмыстарының мәселесі енгізілді.
Үшінші. «Астана қаласының автомобиль жолдарын дамыту және ұстау мәселелері бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы» мәселесі бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысу.
Төртінші. «Депутат күнінде» «Сәулет және қала құрылысы басқармасының халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы», «Мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауды іске асыру жағдайы және шаралар туралы», «Жергілікті бюджетті қалыптастыруда және нақтылауда жергілікті атқарушы органдардың құзіреті туралы», «Астана қаласында тұрғын үйге қолжетімділік» және т.б. мәселелер қарастырылды.
Бесінші. Әлеуметтік объектілер, тұрғын үй объектілерін жобалау және салу сапасын қамтамасыз ету жөнінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысы жекелеген түрде қарастырылды. Сапасыз жобалау құрылыстағы негізгі проблема ретінде анықталынды. Құрылыс барысында анықталған ЖСҚ-дағы көптеген сәйкессіздік, тапсырыс берушінің, жобалау ұйымының жобалау кезінде заңнама талаптарын дұрыс орындамауы, жобалық қателіктерді жою бойынша шешімдер қабылдамау, сапасыз құрылыстың негізгі себептерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, әлеуметтік объектілерді кіреберіс жолдарымен уақытында қамтамасыз ету, қолайлы бағыттар мен қоғамдық көлік аялдамаларын ұйымдастыру маңызды аспекті болып табылады. Бұл жерде сондай-ақ тұрақты комиссияның 2017 жылғы 2 қарашадағы тиісті қаулысы қабылданды.
Алтыншы. Біздің тұрақты комиссия жұмысының ерекшелігі екі маңызды нормативтік – құқықтық актіні әзірлеуге белсенді қатысуы болып табылады, олар:
- Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидасы;
- Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасы, бұл қағидалар мәслихаттың кезектен тыс сессиясында 2017 жылдың 20 шілдесінде қабылданды.
Ағымдық сессияға тұрақты комиссия қарастырған және ұсынған маңызды НҚА енгізілді, олар:
- Астана қаласының аумағында жасыл желектерді ұстау және қорғау қағидасы;
- Астана қаласында жалпы суды пайдалану қағидасы.
Жүктелген қызметтер шегінде тұрақты комиссия мүшелері партияның бағдарламалық құжаттарының, мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ, бюджеттік қаражат пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражатты тиімді пайдалану барысына партиялық қадағалауды және мониторингті жүзеге асырады. Барлық бағыт бойынша жұмыс жалғасатын болады.