Нұр-Султан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2019 жылғы жұмысы туралы есебі
23.06.2020
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
65 сессиясында қарастырылды
2020 жылдың 29 мамыры
Сіздердің назарларыңызға Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есебін ұсынуға рұқсат етіңіздер. Тұрақты комиссия мүшелері мәслихат сессиясының жұмысына, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарына және комиссияның жұмысына да белсенді қатысады.
Есепті кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 8 отырысы өткізіліп, сондай-ақ мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеу аясында депутаттарәлеуметтік маңызы бар денсаулық сақтау, білім беру және спорт нысандарын 3 рет аралап шықты.
2019 жылы комиссия отырыстарында мынадай мәселелер қаралды:
- елорда аумағында мәдениет, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы;
- мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы;
- туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы және туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігі туралы;
- мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы және даму перспективалары туралы;
- атқарушы органдардың халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын (мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар, зейнеткерлер, жұмыссыздар, Ауғансоғысының ардагерлері, сотталғандар, паллиативті көмек, инклюзия және т.б.) қолдау жөніндегі атқарған жұмыстары туралы;
- Нұр-Сұлтан қаласындағы ТжКБ ұйымдарының даму нәтижелері мен болашағыжәне басқалар.
Отырыстарда барлық маңызды мәселелер бойынша егжей-тегжейлі қарау және талқылау өткізіліп, жұмыс нәтижелері бойынша тиісті қаулылар қабылданады, олардың орындалуын бақылауды тұрақты комиссия қамтамасыз етеді.
Комиссия мектептегі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халыққа әлеуметтік көмек, мүгедектерге, әйелдерге, отбасын қорғауға және Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік саласына инновациялық технологияларды енгізудің мәселелері мен проблемаларына ерекше назар аударады.
Әлеуметтік саланың өзекті проблемаларын талқылағанда Қ.Ж.Абден, С.П.Солодовников,
М.Е.Төлеутаев, А.Ж. Табылдина білім сапасы, медициналық қызметтердің қолжетімділігі және әлеуметтік нысандарды жөндеу туралы өте маңызды мәселелерді көтереді.
Кезекті сессияда «Мәдениет, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және Нұр-Сұлтан қаласының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы» мәселе қаралды. Кезекті сессияның басты мәселесін қарастыру үшін көп жұмыс атқарылғанын атап өткен жөн. Мәдениет және спорт саласындағы проблемалық мәселелер анықталды. Мәдениет және спорт мекемелерінің жүйесі халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың рухани және физикалық дамуына әсер ететін ең маңызды мемлекеттік институттардың бірі екенін ескере отырып, халық қалаулылары барлық айтылған ұсыныстар мен ескертулер бойынша жүйелі шаралар қабылдауға ұсыным берді.
Тұрақтыкомиссияның отырысында «Туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы және туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігі туралы» мәселе де қаралды. 2018 жылы туберкулезден өлім-жітімнің
2017 жылғы 1,8-ден 100 мың адамға шаққанда 2,8-ге дейін жоғарылағаны анықталды. Себептерді талдау туберкулезден болатын өлім-жітім деңгейіне әсер еткен маңызды фактор елордадағы ішкі көші-қон процестері болып табылатындығын көрсетті. Осы санаттағы адамдарда туберкулезді анықтау деңгейі жоғары. Туберкулезбен ауыратындардың
76,7 проценті материалдық жағдайы нашар адамдарға жатады. Туберкулезбен ауыратын әрбір бесінші адамның бір жыл ішінде Нұр-Сұлтанға келгендігі, әр екіншісінің тұрақты жұмысы жоқтығы, ал әрбір төртінші адамның күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар екендігі анықталды. Туберкулезбен ауыратындардың жартысынан көбінің жеке баспанасы жоқ және олар жалдамалы пәтерлерде тұрады.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеу аясында елордалық мәслихаттың депутаттары Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Сосновый Бор кентінде орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Қамқор» КММ әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Орталық 2005 жылы құрылған. Жер учаскесінің ауданы 5,9676 га, жалпы ауданы 6344,8 шаршы метр: оның ішінде бас ғимараттың ауданы 2858,7 шаршы метр, шаруашылық, автогараж, қазандық және кір жуатын корпустар 3486,1 шаршы метрді құрайды. 2018 жылы жалпы ауданы 3156м2 болатын 100 төсек-орыны баржаңа ғимарат пайдалануға берілді. Орталықтың қызметі «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының» негізінде жүзеге асырылады және он сегіз жастан асқан, психоневрологиялық аурумен ауыратын, күтімге, тұрмыстық және медициналық көмекке мұқтаж адамдардың тәулік бойы тұрақты тұруына арналған.Сондай-ақ, екі корпус бар, онда ақыл-ойы кемістігі жеңіл деңгейдегіқызмет алушылар өздері тұрады (кішігірім сыйымдылығы бар үйлер қағидаты бойынша). Жалпы алғанда, Орталықта емделуге және демалуға жағдай жасалған және320 әлеуметтік қызмет алушы бар. Спортзал, теннис және спорт залдары, кітапхана, «Даңқ»музейі, қысқы бақ, архив, шаштараз, тігін шеберханасы, кір жуатын орын, асхана, еңбек терапиясы кабинеті, стоматологиялық кабинет, массаж бөлмесі, физиотерапевт кабинеті, офтальмолог кабинеті, әлеуметтік жұмыс кабинеті бар. Депутаттар психоневрологиялық аурумен ауыратын адамдарға барлық жағдай жасалғанына өздері куә болды.
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері тұрақты комиссияның бақылауында; Бүгінгі таңда қала жастарын қызықтыратын басты мәселе жұмысқа орналасу. Әртүрлі факторларға байланысты жұмыс істемейтін және оқымайтын 15 пен 29 жас аралығындағы адамдарда, яғни «NEET жастарының үлесінде» жағымсыз өсу динамикасы байқалады. Жастардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметін жандандыру қажет.Тіркелген 70 жастар ҮЕҰ-ның тек 27-сі ғана белсенді. Қаланыңжоғары оқу орындарындастуденттерді жатақханалармен қамтамасыз ету проблемасы өзекті проблема болып қала беруде. Жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру, саламатты өмір салтын ұстану, отбасы өмірінің адамгершілік қағидаларына басымдық беру қажет. Проблемалық мәселелердің бірі – белгілі бір мәселелерді көрнекі түрде түсіндіре алатын жоғары сапалы мазмұнды материалды уақтылы ұсынбау болып табылады.Мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты толық ақпараттандыру және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында жүйелі ақпараттық жұмыс жүргізу үшін қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің қолжетімді және көрнекі түрде ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындауында жүйелілік жоқ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша мүдделі қалалық органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.
Депутаттар«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» басшысының халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын (мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар, зейнеткерлер, жұмыссыздар, Ауған соғысының ардагерлері, сотталғандар, паллиативті көмек, инклюзия және т.б.) қолдау жөніндегі атқарған жұмыстары туралыбаяндамасын тыңдады. Басқармабасшысы депутаттарға осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.Атап айтқанда, азаматтардың жекелеген санаттары үшін қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүру
2004 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқандығын,
өткен жылы осы мақсаттарға 115 902 адамға 1 373 044 мың теңге, ағымдағы жылы 120 829 адамға 1 383 049 мың теңге бөлінгенін айтты.Басқармабірінші топтағы мүгедекті ертіп жүретін және Қазақстандағы 1986 жылғы
17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарымен бірге жүретін адамдардықоғамдық көліктерде тегін жүретіндер санатына қосу туралы мәслихаттыңшешімінің жобасын әзірледі. Бірақ, баяндамашының айтуыншабұл бастаманы 2,7 млрд. теңге болатындықтан қаржы жағына байланысты «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту» ММмақұлдамаған. Мәселені әрі қарай талқылау және шешімін табу үшін Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасытасымалдаушылардың нақты шығындарын нақтылау қажет деп санайды.
«Депутаттар күні» отырысына дайындық және
«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММбасшысының есебін тыңдау мақсатында қалалық мәслихат депутаттары бекітілген кестеге сәйкес елорданың денсаулық сақтау нысандарын аралап шықты. Қалалықфтизиопульмонология орталығыаралап шығудың алғашқы нысаны болды. Аурухана сыйымдылығы
320 төсек-орын және бір ауысымда 209 қабылдау жүзеге асырылады. Аурухана заманауи жабдықтармен жабдықталған: компьютерлік томография, рентген, онлайн режимінде хабар таратуға, кеңес беруге әрі отандық және шетелдік дәрігерлерден кеңес алуға мүмкіндік беретін бейне қондырғы бар компьютерлік операциялық залмен қамтылған. Депутаттар еңбек ұжымымен кездесу өткізді, онда кадрлардың ауысуы және қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты негізгі проблемалық мәселелер анықталды.
Елордалықмәслихат депутаттары аралап шығубарысында №2 қалалық балалар ауруханасы мен «Жанұя» отбасылық денсаулық орталығы ЖШС болды. Оның барысында денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары проблемалық мәселелерді айтты, өз кезегінде халық өкілдері бұл проблемаларды қалалық мәслихаттың келесі сессиясында көтеруді ұйғарып және нақты шешімдерін ұсынды.
Депутаттардың партиялық жұмысы
«NurOtan» партиясының қоғамдық қабылдауларындағы жұмыс, депутаттардың қаланың әртүрлі ведомствоаралық комиссияларына қатысуы депутаттық өкілеттіктерді сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды жұмыс түрлері болып табылады.
Тұрақты комиссия мүшелері «Nur Otan» партиясының парламенттік фракциясына жүктелген функциялардың аясында партия өткізетін барлық партиялық жобалар мен іс-шараларға (партиялық тыңдаулар, парламенттік фракцияның мәжілістері, вебинарлар, семинарлар, конференциялар, саяси кеңес отырыстары, бағдарламалық құжаттарды түсіндіру, Мемлекет басшысының жолдаулары) белсенді түрде қатысады.
Тоқсансайын «Nur Otan» қоғамдық қабылдауында азаматтардықабылдау жүргізіледі. Апта сайын сайлаушыларды өз округтерінде қабылдайды.
Барлық келіп түскен өтініштер бойынша уәкілетті органдарға депутаттық сауалдар жіберіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесНұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту үшін атқарушы билікпен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастыруда.