Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2019 жылғы жұмысы туралы есеп
27.01.2020
Құрметті депутаттар!
Сіздердің назарларыңызға құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2019 жылғы жұмысы туралы есепті ұсынуға рұқсат етіңіздер. Жұмыс барысында тұрақты комиссия жолдарды, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық сұрақтарына, жобалау, құрылыс мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Тұрақты комиссия мүшелері мәслихат сессиясының жұмысына, комиссиялардың бірлескен отырыстары мен жұмысына да белсенді қатысуда.
Есепті кезеңде қала мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 11 отырысы өткізілді.
2019 жылы комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:
- Тұрақты комиссияның 2018 жылғы 3 тамыздағы «Елордадағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жандандыру және тиімділігін арттыру жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы» шешімінің орындалу барысы туралы.
- «Тұрғындардың Астана қаласының мәслихатына Шығыс Ильинка тұрғын алабының проблемалық мәселелері жөніндегі өтініші туралы».
- «Тұрғын үй қорын басқару, тұрғын үй – коммуналдық саладағы ұсынылатын қызметтер сапасы мен халықтың құқығын қорғау саласындағы атқарушы органдардың қызметін жетілдіру туралы».
- Әлеуметтік обьектілерді, тұрғын үй обьектілерін жобалау және салу сапасын қадағалау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметі және «Әлеуметтік обьектілерді, тұрғын үй обьектілерін жобалау және салу сапасын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы».
- «Елордада көлік жүйесін жандандыру аясында халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі шешімінің орындалу барысы туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласының «2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы».
- «Өркен Қала» ЖШС, «I QALA» ЖШС, «Астана БЕО» ЖШС қызмет етіп жатқан кәсіпорындарын реттеуші – интеграторлық орган құру туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жануарларды ұстаудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу туралы».
- Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған орта сапасының 2019-2022 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласында жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидалары туралы.
Барлық өзекті мәселелер бойынша комиссия отырыстарында мәселелер егжей-тегжейлі қаралды және талқыланды, жұмыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар шығарылады, олардың орындалуын бақылауды тұрақты комиссия қамтамасыз етуде. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласының өзекті мәселелерін талқылау кезінде тұрақты комиссия мүшелері И.Н. Мещеряков, А. Б. Аюпов, Е.Т. Есенжолов жолдар, әлеуметтік нысандар және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық құрылысы бойынша өте маңызды мәселелерді көтерді.
2019 жылы тұрақты комиссияның келесі қаулылары шығарылды:
- Елорда тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының қызмет тиімділігін белсендендіру және көтеру жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы» тұрақты комиссияның 2018 жылғы 3 тамыздағы қаулысының орындалу барысы туралы
- 2019 жылғы 28 ақпандағы тұрғындардың Астана қаласының мәслихатына Шығыс Ильинка тұрғын алабының проблемалық мәселелері жөніндегі өтініші туралы
- 2019 жылғы 5 сәуірдегі Тұрғын үй қорын басқару, тұрғын үй – коммуналдық саладағы ұсынылатын қызметтер сапасы мен халықтың құқығын қорғау саласындағы атқарушы органдардың қызметін жетілдіру туралы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарының 2018 жылғы 24 тамыздағы қаулысының орындау барысы туралы
- 2019 жылғы 16 қазандағы Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі «Елорданың көлік жүйесін жаңғырту шеңберіндегі мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметі туралы» шешімін іске асыру туралы.
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жайлы қалалық ортаны қалыптастыру және дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметі туралы» кезекті сессияға дайындық шеңберінде Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттары тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектілерін аралады.
Депутаттар бекітілген кестеге сәйкес Астананы газдандыру аясында 3,4,5,6 іске қосу кешендерінің бірінші кезектегі құрылыс нысандарын аралады. Газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезекті іске асыру кезінде газ ЖЭО-1 және ЖЭО-3 (су жылыту қазандары мен мазут қазандары), ЖЭО-2, Көктал-1, Көктал-2 , теміржол және Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарына дейінгі газ тарату желілері беріледі.
«Электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтері» қызметінің негізгі түрі бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын «Астана-өңірлік электр желілік Компания» АҚ аралалаудын екінші нысаны болды.
Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттары Күйші Дина 44 көшесіндегі көп пәтерлі үйге барып, тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстарымен танысты. Барлық нысандар бойынша депутаттар проблемалық мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын айтты.
«Nur Otan» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ДЕПУТАТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ
Жүктелген функциялар шеңберінде тұрақты комиссия мүшелері партияның бағдарламалық құжаттарының, мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың іске асырылу барысына партиялық бақылау мен мониторингті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген бюджет қаражаттың тиімді пайдаланылу мәселелеріне бақылауды жүзеге асырады.
Сараптамалық топтардың жұмысы шеңберінде комиссияның отырыстары, қарауға шығарылатын мәселелерді талқылау бойынша бейнеконференциялар өткізді және отандық өнімді өндіру жөніндегі кәсіпорындарды аралау шараларына қатысты. Тұрақты комиссия мүшелері партияның өткізетін барлық іс – шараларына (партиялық тыңдаулар, депутаттық фракция жиналысы, вебинарлар, конференциялар, саяси кеңес отырыстары), "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Президенттің Жолдауын түсіндіруге белсенділік танытты.
ОКРУГТЕРДЕ ЖҰМЫС
Депутаттың басты міндеттерінің бірі өз округінің сайлаушыларымен тұрақты байланыс орнату, келіп түскен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдау болып табылады. Тұрақты комиссия мүшелері округте өткізілетін барлық іс - шараларға қатысуда (8 наурыз, 22 Наурыз, Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр, Қарттар күні, Тәуелсіздік күні, Балаларды қорғау күні, "Мектепке жол" акциясы және т.б.),
Округтегі барлық ұйымдармен мектептер, емханалар, әскери бөлімдер, ардагерлер кеңесінің орталықтары, аула клубтары) байланыс орнатылған, оларға мүмкіндігінше депутаттар демеушілік көмек көрсетеді.
Жыл сайын сайлаушылармен есептік кездесулер өткізіп, өткен жылғы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етіледі.
Депутаттар тоқсан сайын "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдайды. Апта сайын өз округтерінде сайлаушыларды қабылдайды.
Келіп түскен барлық өтініштер бойынша депутаттық сауалдар уәкілетті органдарға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес құрылыс, экология, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру мақсатында атқарушы билік органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, белсенді жұмысын жалғастыруда.
Сөз соңында қалалық мәслихат депутаттарына бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғыс айтқым келеді.