Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Астана қаласы мәслихатындағы «Ақ жол» фракциясының жұмыс кездесулері: күн тәртібін қалыптастыру және шешімдер қабылдау

Астана қаласы мәслихатындағы «Ақ жол» фракциясының жұмыс кездесулері: күн тәртібін қалыптастыру және шешімдер қабылдау

Әр дүйсенбі сайын «Ақ жол» партиясының жалпы отырысынан кейін Астана қаласы мәслихатының «Ақ жол» фракциясы ішкі жұмыс кездесулерін өткізеді. Кездесулер барысында партия деңгейінде көтерілген мәселелер талқыланып, сондай-ақ елорданың тәжірибесі мен өзекті проблемаларын ескере отырып, депутаттық сауалдарға арналған материалдарды дайындау үшін күн тәртібі қалыптастырылады.

Сонымен қатар, фракция депутаттары құрамына кіретін салалық комиссиялардың мәселелері қаралып, негізгі жұмыс бағыттары бойынша келісілген ұстанымдар әзірленеді.