Астана қаласы мәслихатында «Ақ жол» фракциясының жұмыс кеңесі өтті
ДПК «Ақ жол» фракциясының кезекті республикалық жалпы отырысынан кейін партияның мәслихаттағы фракциясы А.С.Смағұлов , Н.Е.Садырбаев және М.К.Қабдығалиева депутаттарының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
* Мәжілістегі фракцияның депутаттық сауалдарына арналған материалдарды дайындау;
* Астана қаласындағы полимерлі битум өндіретін зауытқа баруды ұйымдастыру мәселесін талқылау;
* азаматтардың өтініштерімен жұмыс;
* қаланың бірқатар спорт нысандарын (шаңғы базасы, №8 БЖСМ, «Толқын» кешені) аралау қорытындыларын шығару;
* қалалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыру.
Талқылау қорытындысы бойынша әрбір жұмыс бағыты бойынша алдағы қадамдар айқындалды.