Астанада «AMANAT» партиясының қалалық филиалы жанындағы экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті
Кеңес отырысы мәслихат депутаты Талғат Дүйсековтің төрағалығымен өтті. Оған депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдері қатысты.
Жиында екі мәселе қаралды: жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалау және Түркия инвесторларымен ынтымақтастық. Таңбалау нарық ашықтығын арттырады, бірақ шағын және орта бизнеске қаржылық және техникалық қиындықтар туғызуы мүмкін екені айтылды. Сондықтан оны кезең-кезеңімен енгізіп, мемлекеттік қолдау көрсету ұсынылды.
Сондай-ақ тауарлардың ұлттық каталогын енгізу және өнімнің өзіндік құнының өсу тәуекелдері талқыланды. Инвестиция бөлігінде түркиялық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу, жаңа жұмыс орындарын ашу және технология тарту мәселелері көтерілді.
Қорытындысында тараптар ынтымақтастықты жалғастырып, бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендерін білдірді.