Депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті
Астана қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясының VIII шақырылым депутаттық фракциясының III кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру, сондай-ақ цифрландыру жылы аясында шаралар өткізу, цифрлық даму нәтижелері және инклюзияны дамыту мәселелері қаралды.
Отырыс барысында қала әкімінің орынбасары Мейірхан Ерік Серікұлы сайлауалды бағдарламаның Жол картасының орындалуы бойынша есеп берді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды.
Фракция мүшелері аталған бағыттар бойынша жұмысты күшейтіп, тұрғындар үшін маңызды бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.