Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған « Жұмысшы кәсіптер» жылындағы партия филиалдары мен мәслихаттардағы депутаттарының қызметі талқыланды
07.02.2025
«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен кеңесте барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялардың қызметі, сондай-ақ сайлаушылардың ұсыныстары негізінде әзірленген сайлауалды бағдарламаларды орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылу барысы қаралды. Кеңес бейнеконференция байланысы режимінде өтті және оған Мәжіліс депутаттары – Фракция мүшелері, ҚР Үкіметінің мүшелері, партия хатшылары мен мәслихат төрағалары қатысты.
Партияның мәслихаттардағы депутаттарына қатысты мәселелер бойынша фракция мүшелері заң шығармашылық қызметіне белсенді тартылатыны атап өтілді. Бұл жұмыс топтарының құрамына қатысумен шектелмей, ауқымды деңгейде жүргізіледі. Елордада бағдарламалық құжатты іске асыру үшін 4 басым бағыт бойынша 127 іс-шара белгіленген. Жол картасының әрбір тармағы қалалық мәслихаттағы фракция мүшелеріне бекітілді.