Елордалық мәслихатында Ғ. Қ. Тәжімұратовтың төрағалығымен «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті
23.05.2025
Елорда мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысында партия қалалық филиалының сайлауалды уәделерін іске асыруға арналған Жол картасының орындалу барысы талқыланды. Жиында бағынысты мәселелерге жауапты қала әкімінің орынбасарларының есептері тыңдалды. Диалог барысында Жол картасындағы кейбір тармақтардың орындалмау себептері мен тәуекелдері жан-жақты қаралды.
Көп жағдайда қиындықтар жобалардың қымбаттап кетуі мен мердігер компаниялардың міндеттемелерді тиісінше орындамауына байланысты туындап отыр. Бағдарламалық құжаттағы әрбір тармақ Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп талқылануда. Бұл туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір міндеттің орындалуына елорда мәслихатының нақты бір депутаты бекітілген.