Астана қаласы мәслихатында «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті
28.02.2025
Елордалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысы партия фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаевтың қатысуымен өтті. Кездесу барысында мәслихат депутаттарының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі әріптестерімен заң шығару процесіндегі өзара іс-қимылының негізгі аспектілері қарастырылды. Ерекше назар бірлескен жұмысты үйлестіруге, заңнамалық бастамалармен алмасуға және түрлі өкілді билік деңгейлері арасындағы тиімді коммуникацияға бөлінді.
Сонымен қатар, кездесуде Астана қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Құжатта қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға, партияның стратегиялық бастамаларын жүзеге асыруға және елорда тұрғындарымен сындарлы диалогты нығайтуға бағытталған басым бағыттар қамтылған.