Астана қаласының VIII сайланым мәслихатында фракция басшысының орынбасары Ғабит Қалиұлы Тәжімұратовтың төрағалығымен «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтті
04.05.2023
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын бекіту туралы Астана қаласы бойынша фракция басшысының орынбасары Г.Қ. Тәжімұратов сөз сөйледі. Астана қаласы бойынша «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру шеңберіндегі объектілер мен іс-шараларды қаржыландыру туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.З. Манқараев сөз сөйледі.
Елордада тұрғын үй, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету, нүктелі, тығыздалған, құрылыс, ТКШ мәселелері, әсіресе жолдарды жөндеу және сумен қамтамасыз ету мәселелері өзекті болып табылатыны белгілі. Осы мәселелердің барлығы депутаттық фракцияның ерекше бақылауында.