27.07.2021
Пя Юрий Владимирович
Туған күні: 22.08.1957 ж.
«University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы.
«Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының медальдарымен марапатталған, Республика патриоттарының V жалпыұлттық форумында «Жыл патриоты» атағына, «Жыл дәрігері – 2012» аталымында «Алтын Адам-Жыл адамы» ұлттық сыйлығына ие болған.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы «30» маусымдағы № 50/7-VII шешімімен Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласының дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі мен мемлекеттік және қоғамдық белсенді қызметі үшін «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.