Қалалық мәслихат бекіткен кейбір Ережелерге енгізілген өзгерістер елорда мәслихатының тұрақты комиссиясының мүшелерімен келісілді
04.12.2019
Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы кезінде депутаттар қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ұсынған нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді келісті.
Өзгерістер енгізуді талап ететін ережелер әлеуметтік көмек көрсетудің және Нұр-Сұлтан қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың мөлшерлерін белгілеуге қатысты болды.
- Өзгерістер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен Үлгілік қағидаларға сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі. Сонымен, "белгіленген негіздердің бірі бойынша және бір күнтізбелік жыл ішінде әлеуметтік көмек қайта көрсетілмейді" тармағы, белгіленген еселікті сақтай отырып, қаланың Әділет департаментінің бастамасы бойынша "жылына бір рет әлеуметтік көмек" көрсетіле отырып, бірақ мағыналық жүктемені шектейтін мән-жайларды қоспағанда, түзетуге жатады. Басқа негіздер бойынша басқа өтініш берушілерде әлеуметтік көмекке жүгіну құқығы сақталады. Сондай - ақ, көп балалы ана санаты бойынша тіс протездеу түрінде әлеуметтік көмек алу құқығын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізіледі, - деп атап өтті ведомство басшысы Сәуле Нұрғожина.
Сондай-ақ, ол қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне, сондай-ақ қалалық мәслихаттың басқа да нормативтік құқықтық актілеріне елорданың Нұр-Сұлтан қаласы болып қайта аталуына байланысты өзгерістер енгізді.