Қала тұрғындарының мәселелері мәслихаттың бақылауына алынды
26.11.2019
Қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өз округ тұрғындарымен кездесті. Кездесуге сондай-ақ қалалық ведомстволардың өкілдері мен "Сарыарқа" ауданының әкімі Ерғали Егемберді қатысып, тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Кездесу жеке қарым-қатынас форматында өтті. Қатысушылар аула аумақтарын абаттандырудан бастап, мектептер мен балабақшаларды салуға дейінгі өзекті мәселелерді көтерді. Қалалық мәслихаттың хатшысы Жанат Нұрпейісов тұрғындарды барлық айтылған проблемалық мәселелер жеке бақылауға алынатынын және атқарушы органдармен бірлесіп оларды шешу жолдары табылатындығын айтты.
Атап айтқанда, Самал шағын ауданындағы № 6 тұрғын үйдің тұрғындары цокольдық үй-жайда ойын-сауық орны орналасқанын айтты. Келушілердің шуына тұрғындар ұзақ уақыт шыдап келеді, ашылған мекеменің жанында ғимараттың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды жүйелері орналасқан. Жанат Нұрпейісов бұл жағдайды анықтап, тиісті мемлекеттік органдарға сауал жолдауға уәде берді.
Өз проблемасымен Кирпичный тұрғын алабының тұрғындары жүгінді. Олар № 12 мектеп-кешенде балабақша мен 140 оқушы қуаттылығымен біріктіріліп, 400-ден астам оқушы білім алуда. Бұған дейін 2020 жылы жаңа мектеп ғимаратының жобасы дайындалып, ал 2021 жылы оның құрылысы басталады деп жоспарланған болатын. Алайда, мәселе бүгінгі күні пісіп-жетілді, құрылысты екі жылға кейінге қалдыруға болмайды.
- Спортзал жоқ, оқушылар асханада тұрып тамақ ішеді, өйткені орын жетіспейді. Ескі мектеп практикалық сабақтарға арналған корпуспен болды. Заманауи жағдайда балалар кәсіптік бағдар ала алса екен, - деді тұрғын үй массивінің тұрғындары.
Жанат Нұрпейісов бұл мәселе туралы хабардар екендігін айтты, өткен жылы осы мектепке депутаттармен көшпелі кездесу ұйымдастырылды. Бірнеше жыл бойы мәслихатта жаңа ғимарат салу мәселесі көтеріліп келеді, мәселе ақырында шешілді, бірақ енді қаржыландыру ісі қалуда. Мәслихат хатшысы бұл мәселе депутаттардың бақылауында екенін атап өтті.
"Южный" гараж кооперативінің иелерінің ұзаққа созылған проблемасы да кезекті рет елордалық мәслихат хатшысының алдында көтерілді. Қабылдау барысында бұл жағдайды, осы мәселемен бірнеше жыл айналысып келе жатқан әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдары - "Елорда құрылыс компаниясы", "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК өкілдері түсіндірді.
- Бұл жер учаскесі көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген. Енді тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшылығы мемлекет пайдасына учаскеден бас тартуы, ал ол өз кезегінде "Елорда құрылыс компаниясы" үшін жер бөлу тиіс. Жерді алып қою туралы қаулы қабылдануы тиіс, бұл гараждарды сатып алуға заңды негіз болады. Сондай-ақ гараждардың құнын тәуелсіз бағалау қажет. Бұл үдерістердің барлығы шамамен үш айға созылуы тиіс, - деді "Елорда құрылыс компаниясы" директоры Бауыржан Нұрашбеков.
Азаматтарды қабылдау кезінде көбісін "Сарыарқа" ауданының даму жоспарлары қызықтырды. Бұл туралы аудан әкімі Ерғали Егемберді толығырақ мәлімдеді.
Оның айтуынша, жыл басынан бері iKomek желісі бойынша Сарыарқа ауданының атына 11100 өтініш келіп түсті, 26 мың Open space арқылы - ашық әкімдік және 2 мыңға жуық өтініш қаңтардан бастап жеке қабылдау кезінде жарияланды. Негізінен тұрғындарды коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылымдық жобалар, қар тазалау, аулаларды абаттандыру мәселелері толғандырады.
Көшпелі кездесуді қорытындылай келе, мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов қала тұрғындарымен қарым-қатынас жасаудың мұндай нысаны қалалықтардың өзекті мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.